Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Айттық қой!”. Жамалиевке қатысты қандай шешім шығарылғанын білесіз бе?

Ал осы пост бағытталған заңгер Джохар Өтебеков Facebook желісінде бұл шешімге қатысты өз түсініктемесін жазды.

“Бір ай бұрын Жоғары сот Жамалиев пен бопсалауға қатыстылардың аса ісі көлемде (2000 АЕК-тен жоғары) бопсалау әрекетін ірі көлемге (500-ден 200 АЕК-ке дейін) ауыстырды. Бірінші инстанция сотында Әліби Жұмағұловтың 3 жылдық BMW 520i көлігіне қатысты дау болды: оның құны 2 000 АЕК (21,3 мың доллар) болады ма, жоқ па деп. Бір-біріне қайшы 3 пікір болды, ақыры Жоғары сот көлік құны бұл соммаға жетпейді деп шешті. Әліби Жұмағұлов Жоғары соттан Жамалиевтің жазасын жеңілдетуді сұрады. Міне осылай. (Оның берген сұхбатынан алынған сөз: – Қайрат Жамалиевті кешіріуге дайынсыз ба? – Жоқ!).

https://kaz.365info.kz/atyshuly-to-al-ajn-r-isina-demi-suretterin-zhariyalady-227472

Ақыры бопсалау бойынша мерзім 10 жылдан 7 жылға қысқарды. Бұл соңғы шешім (“Время” газеті жазғандай 6 жыл емес). Жазасын өтейтін колония қатаң тәртіптен жалпыға ауыстырылды. Жамалиев басқа колонияға ауыстырылады деген сөз. Ал басқа колонияға ауыстыру немесе жазаны айыппұлға ауыстыру туралы өтінішті ол күз басында (2 жыл 4 айын өтеген соң) сұрай алады. Өкініштісі, БҰҰ-ның азаматтық құқық Пакті бойынша заң бұзушылық туралы касациялық шешімге қолжеткізу мүмкін емес. Сондықтан істің өзге тұстарын түсіну мүмкін болмай отыр.

Есесіне әрекет моделі бойынша Жоғары сотқа үлкен қателік кеткенін көрсеткім келеді. Шешімге қатысты жаман ешнәрсе болмаған шығар. Жабықтық салдарынан болған жайтты сіздерге қарсы талқылау жүруіне жол беріп отырсыздар!

Осының алдындағы постыма Жамалиевтің ашулы туыстары қарсы болды. Күлкініштісі олардың көкесіне неге жаза жеңілдетілгенін өздері де түсіндіре алмады. Болған жайтты тамаша түсіндіретін адамдар көп болып барады. Сотқа даулы істердің бәріне БАҚ-ты шақыру керек. Бұл Пактінің қарапайым талабы. Әйтпесе соттың таңдауы бар деген пікір қалыптасады. Жамалиевтің сол кезде қалталы болғанын ескерсек. Судьялар БАҚ-қа не үшін соттағанын айтудан қорықпайды да, не үшін жаза жеңілдетілгенін айтудан қорқады. Сот прокуратурадан артық жазалаушы орган болып бара жатқаны қызық әрі қайғылы”, – деп жазыпты Өтебеков.

https://kaz.365info.kz/byl-khyzykh-boldy-goj-zhamalievke-khatysty-zhana-derek-shykhty-268115

Еске салайық, 46 жастағы астаналық бизнесмен Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұловты соққыға жыққаны үшін мүлкі тәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Жұмағұловқа зорлық көрсеткенін бизнесмен телефон камерасына түсіріп, кейін оның ата-анасына жолдаған. Бұл кадрлар Ғаламторда пайда болғаннан кейін іс бойынша қоғамда үлкен дау туды.

Дереккөз:  kaz.tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз