Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Айтқым келмеген…”. Сәкен Майғазиев 5 млн теңгесін кімге бере салғанын айтты

542

Отандық танымал әнші шын мәнісінде қомақты қаржы түрінде гонорар алып, оны қайырымдылық шарасына жаратқанын растады. Алайда, айтуынша ол бұл жағдайды жария еткісі келмеген.

Оқиғаны барынша жасырып қалмақ болған әртістің әрекетіне қарамастан, белгілі журналист Лаура Сейітбек бұл игі істі көпшілік білу керек деп шешкен.

“Журналист қарындасым бұл оқиғамен өз парақшасында бөлісіп, кейіннен жариялағаны үшін кешірім сұрағаны бар. Ол “Аға, ренжімеңіз жариялағаныма, одан Сіздің сауабыңызды Алла қаласа кемітпес, іштегі ниетіңіз белгілі ғой. Мүмкін, бұл әрекетпен басқа адамдардың жақсы ісіне себепші боларсыз” деп айтты маған” ,-деп жекізді Майғазиев.

Әнші қыруар қаржыға отандық танымал компания арқасында кенелді. Ол мекеменің бетке ұстары болғаны үшін бес миллион теңге көлемінде еңбекақы алған. Алайда, бұл мәртебені Сәкен Майғазиев өзінің мықтылығынан емес, Алланың бұйыртқан бағынан келді деп есептейді.

https://kaz.365info.kz/roza-rymbaeva-omirdegi-en-ylken-okinishi-zhajly-ajtty-328045

Сол себепті, ол жоғарыдан бұйырған қаражатты қайырымдылыққа арнамақ болды.

«Несиесі бар туыстарым да бар, яғни ешкімнің төрт қабырғасы түгел емес қой. Аға-әпке, іні-қарындастарым да бар қиналып жүрген. Десе де, біздің әулетімізден де нашар өмір сүріп жатқан қанша отбасы бар. Сол адамдарға бір септігім тигенін қаладым» , – деп айтты әнші.

Сәкен Майғазиевті игі қадамға баруына мешітте орын алған таныстық итермелеген болып шықты. Айтуынша, ол құдай үйінде намаз оқып отырғанда қасындағы жігіттің аяғын қозғалта алмайтынын аңғарып қалады. Оған барынша көмектескісі келген әнші ер адамның Мәскеуге барып қаралуына өзінің елеулі септігін тигізген.

https://kaz.365info.kz/tysine-almaj-otyrmyn-oner-khyrandaryndagy-zhanbolatty-shou-biznestegiler-lakhtyryp-ketipti-327841

Сондай-ақ, шоу-бизнес өкілі соңғы кездері кең қанат жайған әлеуметтік желідегі жарнама мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре кетті. Ол бұл жағдайға үлкен жауапкершілікпен қарайтынын жеткізді.

Сәкен Майғазиев өзіне түсетін жарнамалық ұсыныстарды егжейлі-тегжейлі тексеріп қана қабылдайтынын айтты.

“Жарнама жасап беру жөнінде қандай ұсыныс түссе де жеті рет өлшеп бір рет кесуге тырысамын.

https://kaz.365info.kz/mine-osyndaj-tauekel-mysilim-syjiktisinin-tanymal-aktrisaga-ykhsajtynyn-ajtty-327828

Өзім жетік білмейтін, күмәнды дүниелерге мүлдем жоламаймын.

Мен үшін мені оқып отырған оқырмандарымның сенімі әлдеқайда қымбат. Шынымен халыққа пайдалы дүние болса кейде қолдау көрсетіп, ешкім сұрамаса да жарнамалап жатамын өзім-ақ”, – деп ағынан жарылды ол.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз