Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Айт күндері ауа райы қандай болады

Қазгидрометтің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 метрге дейін күшейеді. Кей жерлерде дауыл тұрып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады деп күтілуде. Қарағанды облысында жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 метрге жететін жел соғуы  мүмкін. Күндіз бірқатар аймақтарда бұршақ түсуі ықтимал. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-25 метр айналасында болады.

Дауыл тұрып, тұман түседі. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге баратын жел соғады. Кей жерлерде түнде және күндіз тұман түсуі мүмкін. Алматы облысының бірқатар аймақтарында жылдамдығы секундына 17-22 метрге жететін шаңды аралас қатты жел соғады. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге үдейді. Түнде желдің жылдамдығы 23 метрге дейін күшейеді.

Сондай-ақ, дауыл тұруы ықтимал. Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында, сондай-ақ, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз