Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
12
USD
421
-2.14
EUR
499
-0.30
RUB
5.6
-0.04

Айсәуле Бақытбек: “Әке-шешемнің ұрысын ешуақытта естіген емеспін”

“Біз үшін алаңдап, жылы лебіз білдіріп жатқандарыңыз үшін көп рахмет. Үйлеріңіз береке мен махаббатқа толсын. Әлеуметтік желідегі үнсіздігімді жан-дүниемнің айнасы деп қабылдаудың қажеті жоқ. Өйткені, айсыз түннен кейін міндетті түрде келесі күн шуақты болады.

Біздің отбасының балалары қамқорлық пен нағыз отбасының не екенін сезініп өскені үшін, ешуақытта керегенің ар жағынан әке-шешесінің ұрсысын естімегені үшін Жаратқанға алғысым шексіз. Біз жұрттан ешнәрсе жасырған емеспіз, отбасымды да қатты жақсы көремін. Және өмір бойы жақсы көріп өтемін.

Мұнымен қатар, көп адам менің жеке өмірім туралы сұрайды. 20 жаста біз сезімнің жетегіне еріп, алып-ұшып тұрамыз. Алайда көрікті бикештер, жаңа жетістіктерді тойлау, аққайнар сындылардың жанында жылдам сөнеді екен. 20 жас жігітпен тұрақты қарым-қатынасқа түсу үшін қолайсыз болып шықты.

Бүгін, кеше, бір ай, екі айдан бері Айсәуленің басы бос. Ол көңілге кірбің түсірген ойлардан, сыннан, жұрттың алып-қашпа сөзінен ада. Уақыт өте келе өмір бізді есейтеді. Бұған өзіңе тамақ жасап үйренудің еш қатысы жоқ. Есею дегеніміз – бұлттың арғы жағында шуақты күннің бар екенін түсіну. Ары қарай да жарқырап, сәуле шашудың маңызы зор”, – дейді Айсәуле.

Желі қолданушылары Айсәуле мен Баян Есентаеваның жазбасынан ұқсастық тапқандай болды. Десе де, оның даналығына қайран қалып, алдағы өмірде сәттілік тіледі.

“Жандарым сол, Алла бақыттарыңнан айырмасын. Аналарыңды қатты жақсы көремін. Алла шипасын берсін”, “Өте дұрыс айтасың”, “Баян Мақсатқызының өзі қызының кітапты көп оқитынын жиі айтатын. Нәтижесі көрініп-ақ тұр”, “Айсәуле, ақылыңнан айналдым. Әке-шешеңнің арасында қандай жағдай болса да, ол сендерге жақсы әке болды”, “Әр сөзі мірдің оғындай өткір. Қалықтай түс” дейді желі қолданушылары.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз