«Қайрат, қайдасың?». Талантты әншіні сахнаға шығартпай жүрген кім? (видео)

Соңғы кездері елдің көзіне көп көрінбей кеткен әнші Қайрат Түнтеков Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен жүздескен екен. 

Бұл туралы Қайрат өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазыпты. Қала басшысымен бірге селфи жасаған әнші суреттің астына:  “Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге селфиге түстік. Рахмет саған бро”, – деп жазып қойыпты.

Өз кезегінде әлеуметтік желідегі қауым Қайратты үлкен сахнаға қайта оралуға шақырыпты.

«Қайрат, сахнаға шығатын кезіңіз келді. Сіздің әндеріңізді сүйіп тыңдайтындар көп. Сізден жаңа ән, жаңа хит күтеміз. Сізді сахна төрінде көргіміз келеді». Қайрат Түнтеков, жақсы көремін сізді. Қандай болсаңыз да.  Томпақ болыңыз, арық болыңыз дауысыныз сондай керемет!» деген екен желі қолданушылары.

Қайрат қайдасың?

Шынымен де Қайрат Түнтеков сахнаға қашан оралады? Ол неге жоғалып кетті? Бәлкім оған кедергі келтіріп жүргендер бар шығар? Өткен жылдардағы атышулы жол-апатынан кейін Қайрат жұрттың алдында жаманатты болып қалды.

Кейбір ақпарат құралдары өтірік-шыны аралас әншіге күйе жаққанын да білеміз. Алайда Қайраттың өзі жағдайдың қалай болғанын және қалай өрбігенін айтып берген болатын.

Шыны керек, Қайратты сағынып жүрміз. Той әндерінен шаршадық өйткені…

 

Загрузка...