Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы соғып кеткен жігіт: ол әділ жазасын алуы тиіс

134

Дегенмен, ол оған келген шығынның көлемін айтуға қиналды. Сонымен қатар, ол айыпталып отырған Айдана Көпбосынова ұсынған бес мың доллар объективті қаражат емес деп есептейді.

«Бізде чектер бар, бірақ бәрі бірдей сақталған жоқ. Мен алған жарақаттар жазылған анықтама бар. Бір жарым миллион деген көп ақша емес, оны мен өзім де таба аламын. Шындығы керек, бұл жеткіліксіз сома. Өз денсаулығымды бес мың долларға бағаламаймын. Мен ертеңгі күнімді ойлаймын – осының салдары қандай болмақ, алынған жарақаттар денсаулығыма қалай әсер етеді, 20 жылдан кейін аяқ-қолым қандай халде болады. Олардың ұсынған ақшаларын мен моральдік немесе материалдық көмек ретінде қабылдай алмаймын. Меніңше, бұл соманы екі-үш есе ұлғайтып 20-30 мың долларға дейін көтеру қажет. Ата-анам осы соманы әлден-ақ белгілеген болатын оны мен орынды деп санаймын»,- деді ол.

Жас жігіттің айтуынша, жол апатына кінәлі қыз оның ахуалын біліп, ауруханаға келсе, отбасына моральдік және психологиялық көмек көрсетсе, жағдай мүлде басқаша болар еді.

„ Оның туыстары ата-анамның алдынан мен реанимацияда жатқанда, апаттан кейін үшінші күні өткенін естідім. Айдананың келіп, ата-анамнан кешірім сұрап, кінәлі екенін мойындағанын да есіттім. Менің айтпағым – осы жағдайды ушықтырған басты жәйт туралы. Олар ауруханаға келгенде, анам оларды тыңдағысы келмей, қуып жіберген. Олардың тек үшінші күн өткеннен кейін ғана келгендігінен. Мені ауруханаға «жедел жәрдеммен» істің мән-жайын көрген куәгер, бөтен адам жеткізді. Айдана қасымда болған жоқ, ата-анама балаларының жол апатына ұшырағаны туралы хабар жеткізбеген. Ата-анам менің реанимацияға түскенім туралы тек бір тәуліктен кейін білген екен. Оларға хабар жеткізген менің әріптестерім. Ал әке-шешем мені жұмыста жүр деп ойлаған. Телефоным өшірулі болды”, – деп баяндады М.Қасымғалиев.

Мейіржан Қасымғалиевтың мәлімдеуінше, оның ауруханадан шыққанына екі күн болды. Алда ұзақ уақыт созывлатын қалпына келу процессі күтіп тұр. “Таяуда ауруханадан шықтым. Соққының күштілігінен көз үстіндегі сүйек ішке майысқан, енді ойық болып қалған. Қолым гипске салынған – жарқыншақты сынық. Иығыма бір жылдан кейін ғана алынатын пластина салынды. Жамбас сүйегім де зақымданды – дәрігерлердің айтуынша, қалпыма келуге ұзақ уақыт кетеді. Апат болған сәттен бері 52 күн өтті. Ауруханада 50 күн жаттым”, – деді ол.

Естеріңізге салайық, 10 қыркүйекте Мейіржан Қасымғалиевтың туыстары 30 тамыз күні Астанада, «Бәйтерек» монументінің жанындағы Нұржол бульварындағы жаяу өтпе жолында орын алған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздестіре бастады.  18 жасар Айдана Көпбосынова Land Rover Discovery 4 автокөлігін жүргізіп келе жатып, 28 жасар жігітті қағып өткен. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, көптеген жарақаттар алған жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, реанимация бөлімінде 3 күн жатқан. Оқиға жөнінде екі жақ та өз пікірлерін білдірген. Жігіттің әпкесі белгісіз алаяқтардың оқиға түсірілген видеожазбаны сатуға талпынғандығы туралы мәлімдеген.

ea6ed4a0-c685-4f42-8b5e-e8e90f90df92

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз