Осылай дегенімен Айқын өзінің келіншегін бейнебаянына түсірді. Ол екі баласының анасын ресейлік әнші Сосо Павлиашвилимен бірігіп түсірген клипіне қатыстырды.
Ел арасында дәл осы бейнебаяннан кейін Айқынның ұйып отырған отбасына көз тиді деген әңгіме де бар. Отандық басылымдар “Айқын әйелімен ажырасады”, “Айқын Жұлдыз Өмірғалиды тоқал қылып алмақ” деген сынды тақырыптармен әншінің құпиясын жария етті. Алайда қос әнші де бұған қатысты пікір білдірмеді.