Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Әйгерім, қайдасың?! Жетісайда 20 жастағы қыз жоғалды

188

“Әп-әдемі қыздай келіншек. Жасы небәрі 20-да. Былтыр күйеуге тиді.

Тура бір жыл өткенде баласы жоқ деп, ата-енесі қолынан жетектеп төркініне әкеп тастады.

Оқиға Түркістан облысы (ОҚО) Жетісайда орын алады. Ертеңіне,

29 тамызда таң алакеуімде дүрліккен жұрт Әйгерімнің орнын сипап қалды. Ешкім көрмеген, білмейді, киімдері түгел, жазған хат жоқ, әлеуметтік желідегі парақшалары өшкен.

Жетісайдың шағын ғана Үлгілі ауылында керім қызды көрдім деген жан баласы жоқ!

Алты күннен бері ұшты-күйлі ғайып болған Айгерім Қалдарды көрген, тыққан, білетіндер болса, +7 777 531 88 10 телефонына хабарласыңыздар.

ӘЙГЕРІМ, ата-анаң мен жақындарың саған өлердей ұрысқанына бармақ тістеп, өкініп отыр”,

– деп жазады журналист.

https://kaz.365info.kz/khazakhstanda-iz-tyssiz-zhogalgan-balalar-20-bojy-ali-tabylmagandar-foto-309864

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз