Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Айғайлаған”. Шымкентте маусымда өлтіріп кеткен жігіттің туыстары әділдік іздейді (видео)

189

Басында жай ғана әңгіменің соңы төбелеске ұласқан. Туысының айтуынша, бірнеше күдікті Хасанды күшпен ұстап тұрған, сол уақытта Хусанға бірнеше рет пышық сұғылып, оның екеуі жүрегін жанап кетіпті.

 

https://kaz.365info.kz/mygalim-eken-denis-tennin-olimine-khatysty-yshinshi-kydiktige-khatysty-zhana-derek-shykhty-328096

“Әр пышақ сұғылғанан кейін Хусан айғайлап бауырын көмекке шақырған, бірақ оны көмектескізбей ұспат тұрған. Ол қансырырап, жылап Хасаннан оны құтқаруын сұраған. Бұл жанармай құю бекеті. Қатты кеш болмады, адамдар да жүрген. Бірақ ешкім араласпада, Хусанды құтқаруға көмектеспеді”, – дейді Камила Турдиева.

Онда жұмысшы Вадим мен бауырлары келіп, Хусанның өлейін деп жатқанын айтып айғайлағанда ғана жігітті ұру тоқтаған. Ол Хасанға бауырын көлікке кіргізуге көмектесіп, ауруханалық жедел жәрдем бөлмесіне апараған. Марқұмның отбасы өлімге қатысты сыбайластар бостандықта жүр деп сендіреді.

“Неге қылмыскерлерді 10 күн іздеді? Оларды тапқан күнде де жібере салды. Неге ұрысқа қатысқан бес адамның біреуі ғана қамауда? Олар көмектеспегенде, ағам тірі болушы еді”, – дейді Камила Турдиева.

Марқұмның туыстары сыбайластарға неге іс қозғалмағанын, прокуратураға арыз жазғаннан кейін тергеуші жұмысын бастау үшін істі қайда аударатынын білу үшін Қаратау полиция бөліміне барды. Алайда істің мән-жайын айтудың орнына, полиция майоры телеарна тілшілерін қуып шықты. Ол түсірілім тобының камерасы мен микрофонын жұлып алғысы келді.

https://kaz.365info.kz/khuandykh-bishimbaev-khauipti-khylmyskerler-otyratyn-koloniyaga-auystyryldy-328071

 

Погонды адам өзін танстырғысы келмеді және неге полицей бөлімінде түсіруге болмайтынын түсіндіре алмады.

“Полицей заң білімін тексеретін емтиханды тапсырмағанына көп уақыт болған сияқты, әйтпесе ол журналистердің заңды қызметіне кедергі келтіру әкімшілік, тіпті қылмыстық қудалауды көздейтінін білуші еді”, – деді телеарнадағылар.

Өлімнің себебі мен оған не түрткі болғаны белгісіз. Мақұмның артында әйелі мен екі кішкентай баласы қалды. Қаратау полиция бөлімінің тергеушісі Ербол Есімовтің айтуынша, Хусан Турдиевтің өліміне қатысты бір адам ғана “Адам өлтiру” бабы бойынша қамалған, ал қалғанына бұзақылық бойынша іс қозғалған.

Бірақ марқұмның туыстарының айтуынша, тергеу біржақты қаралып жатыр. Оған қоса ұсталған адам өзін-өзі қорғау тәсілін қолдандып деп, егіз жігіттер өздері бес адамға шабуыл жасаған деп сендіреді. Туыстарының арызынан кейін қылмыстық іс прокуратураға берілді. Олар істі кім тергейтінін анықтайды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз