Қытайда (Маомин қалалық округі, Гуандун провинциясы) әйелінің көзіне шөп салған ер адам ежелгі жазаға тартылды.
20 қарашаға қараған түні бірнеше ер адам опасыздық жасаған жігіт пен ашынасы жатқан бөлмеге кірді. Бейнежазбадан денесін сүлгімен орап тұрған әйелді және ауырсынуға шыдамай айқайлаған жартылай жалаңаш ер адамды көруге болады.
Бейнежазба Қытайдың әлеуметтік желілерінде кеңінен таралғаннан кейін полиция тергеу ұйымдастырды. Сол күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктілердің бірі — 41 жастағы ер адамды қамауға алды. 36, 32 және 18 жастағы тағы үш күдікті келесі күні өз бетімен полицияға келді.
«Шошқа торына қамау» деп аударылатын бұл әдісті қытайлар Мин империясы (1368 — 1644) және Ұлы Цин империясы (1644 — 1912) кезінде опасыздық жасаған адамдарды жазалау үшін қолданған. Айыпты қашып кетпеуі үшін оны байлап, торға отырғызған. Содан кейін оны өзенге лақтырылып, суға батырып өлтірген.
Қытай заңында жазаның бұл түрін ешқашан мақұлданбаған және соңғы ғасырларда мүлдем жоғалып кеткен, бірақ оны кейбір ауыл тұрғындары әлі де қолданады.