Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Әйелін пышақтаған ер адам өзін өлтірмек болып үйін өртеп жіберді

12 жасқа толған Настяның туған күнін атап өткен отбасының шырқын араққа тойып алған әкелері бұзыпты. Бәріңді бауыздап өлтіремін деп, балалардың зәресін алған. Әйелінің пышақ жарақатын алғанын көрген 56 жастағы Владимир Тарасов өзін өртеп жібермек болған. Алайда күш алған от өздері тұрып жатқан баспананы тып-типыл етіпті.

Мына үйді Тарасовтар  отбасы екі жыл бұрын екі миллион теңгеге сатып алған екен. Ауыл шетінде орналасқан баспана мал ұстауға ыңғайлы болған. Мамандардың айтуынша, үй қайта жөндеуге келмейді. Сүріп тастап, жаңасын салу керек. Ал оған отбасының ақшасы  жоқ.

Балалар қазір ауылдағы туыстарын паналап отыр. Үйдің ішіндегі дүние-мүлік, киім-кешек түк қалмай өртеніп  кеткен. Жарақат алған келіншек соңғы жылдары мал ұстап, шаруасын дөңгелете бастаған екен. Қорадағы мал аман қалғанымен, қысқа қамдаған жем түгел жанып кетіпті.

“Соңғы жылдары тек малмен ғана күнімізді көріп отырдық. Сүт сауып саттық,  мал сойып, еттей саттық.  Енді оларға  жем керек. Ауылда жұмыс жоқ.  Дәулетті туысымыз да жоқ”, – дейді  Ю.Капустинаның ұлы Евгений Снегирев.

Ересек балалары әлеуметтік желіге жағдайларын айтып, жұрттан көмек сұрапты. Қайырымды жандар кешелі бері киім- кешек әкеліп беріп жатқан көрінеді. Бірақ бастысы –баспана дейді балалар. Ертең шешелері аурухандан шығып келсе, олардың  барар жерлері жоқ .

“Әкемізді кешірмейміз. Жазылып шықса, түрмеге тоғытылсын. Анам байғұс талай рет одан жәбір көрді. Ішіп алса, ұрып-соғатын.  Талай рет үйден қуып та көрді, ешқайда кетпейді.  Енді, міне, анамызды пышақтап тастады”, – дейді Ю.Капустинаның қызы Кәмила Хасанова.

Бұл отбасының жағдайы енді қалай болары белгісіз. Бір қуантарлығы,  аналарының беті бері қарай бастапты. Әкелері әлі ауыр халде көрінеді. Тірі  қалғанның өзінде оны сот жазасы күтіп тұр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз