Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Әйелің кетіп қалады…”. Бишімбаевтың ата-анасы ұлына қандай қысым жасалғанын жайып салды

298

Қуандық Бишімбаев Ұлттық экономика министрі болған тұста істі болып, тергеу абақтысына қамауға алынған 10 айдан бері күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған ата-анасы арнаға сұхбат беруге ұзақ ойланып барып келісті. Жалғыз ұлдарының ісіне қатысты ертең басталатын сот алдында бізбен Астанадағы тыныш кафелердің бірінде кездесті.

Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа 7 бөліп, 346 миллион теңге пара алды және Қызылордадағы әйнек зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард 200 миллион теңгені жымқырды деген айыптар тағылған.

Ұлттық бюроның мәліметінше, «Болашақтың» түлегі бұл іске қарамағындағылармен бірге туған бөлесін де тартқан. Осы іс бойынша айыпталған 23 күдіктінің 20-сы кінәсін мойындаса, Бишімбаев бастаған үшеуі ғана келіспей отыр.

Кінәларын мойындағандар арасында «Бәйтерек –Development» басшысы болған Бақыт Жақсыбаев, оның бұрынғы орынбасары, Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың ұлы Аслан Жақыпов бастаған 20 адам бар.

“Ұлымды түрмеге жапқан соң басқаша сайрап шығады. Қуандыққа қатысты ақша жайлы айта бастайды”, – дейді анасы Альмира Нұрлыбекова.

Ал, айыбын мойындаудан бас тартқан Бишімбаевқа тергеу абақтысында айлап психологиялық қысым көрсетілді дейді.

Экс-министр адам зорлаған күдіктімен бірге жатып, таңғы 6-дан түнгі 10-ға дейін тар бөлмеде жатпақ түгілі, отыруға болмайтын абақты азабын да тартқан. Әлпештеп өсірген жалғыз баласының жайын айтқанда анасы көз жасын тоқтата алмады.

“Әке-шешең болмайды, қайтыс болып кетеді. Әйелің кетіп қалады. Балаларың өсіп кетеді деп жылайды. Сондай қатты сөздерді айтқан. Ал сен айыбыңды өз басыңа алатын болсаң, 15 жылдан азайтамыз түрмедегі уақытыңды деп. Мен ойлаймын психологиялық қысым, оған қатты қысым болғанын”, – Қуандық Бишімбаевтың анасы.

Бір жылға жуық сары уайымға салынған бұрынғы Мәжіліс депутаты болған әкесі отбасылық трагедияны көтере алмай жүрегіне ота жасатыпты. Қуандықты айналасындағылар сатып кетті деген Уәлихан Бишімбаевтан баласының ең үлкен өкінішін де сұрадық.

“Оның ең үлкен өкінгені – елбасының сенімінен шыға алмағаны. Басқасын алып қойғанда бірінші орында елбасы, ол кісінің сенімі. Әрине бұл жанұямызға ата анаға Қуандықтың өзіне үлкен трагедия мұндайды күтпеген еді”, – дейді Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев.

Абақтының азабы мен дүйім жұртқа миллиардтарды жеп қойды деп аты шыққанына күйінген ұлымыздың шашы ағарып, қан қысымы көтеріле бастады дейді ата-анасы. Төрт баласының үлкені алдағы жылы мектеппен қоштасса, ең кішкентай төрттегі қызы «әкем қашан келеді» деп күнде сұрайды екен.

“Балалары сағынады. Төрттегі қызы жылайды, әкем қашан келеді деп. Әкем қараңғыда отыр деп жылайды”, – дейді анасы.

Білім қуғандардың отбасынан шыққан, үш дипломы бар Қуандықтың атында Ұлттық бюро айтқандай Қосшыда миллиондарға салынған үйі жоқ, дейді анасы. Айтуынша, ол құрылысы бітпеген монша екен. Ал, ұлдарының істі болуына «Шыны королі» атымен шыққан Мұратхан Тоқмәдидің қатысы болуы мүмкін деп тұспалдайды.

Айтпақшы, айыптарын мойындаған бірнеше күдікті соттан босап шықса, ата-анасы таңқалмаймыз деп отыр. Ал, кімнің ақ, кімнің кінәлі екенін сот анықтайды.

Басты беттегі сурет informburo.kz сайтынан алынды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз