Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

«Әйелімнің пәк болмағаны жаныма батады» – бір жігіттің жазбасы

2121

Әрине,

әйелінің пәк болуы әрбір ер азаматтың арманы шығар.

Бірақ армандар орындала бермейді екен. Менен 8 жас кіші Сандуғашпен таныстым. Ұзын шашты, ажарлы, әппақ қыз мені бірден баурап әкетті. Екеміз төрт ай кездесіп, бір-бірімізсіз өмір сүре алмайтын жағдайға жеттік. Мен де тым жас жігіт емеспін, оның үстіне әке-шешем де «қашан үйленесің» дегенін қоймады. Сөйтіп, Сандуғашқа сөз салып, екеміз үйленетін болдық.

Бірақ Сандуғаш маған дейін бір жігітпен жүргенін, өзінің пәк емес екенін ашып айтты. Шынымды айтсам, мені төрт ай жақындатпай жүргеніне қарап, оны пәк екен деп ойлайтынмын. Жылап отырып мойындады, кешірім сұрап жалынды. Ия, көңілім қатты құлазыды. Бұл менің алғашқы некем ғой. Мен де осы уақытқа дейін етегіме намаз оқып жүрдім дей алмаймын, еркекпін ғой. Көп ойландым.

Бір қате кеткен шығар, сүйемін ғой өзін, онда тұрған не бар 21 ғасырда”, деген шешімге келіп, Сандуғашты өмірлік жар етуге бел будым.

Әйелімнің бұрын басқамен жатқаны ойыма келе береді

Міне, үйленгенімізге үш ай болды. Сандуғаш өте кішіпейіл, ақкөңіл. Ата-анамды қатты сыйлайды. Өте бақытты едік. Басында сүйгеніммен бірге жатып, бірге оянып, бірге тамақ ішіп, бірге талай тәтті түндерді өткізгенім қызық болды.

Осы шаш, осы сұлулық, осы тән – бәрі менікі деп ойлап жатқанда, Сандуғашты маған дейін өзге біреудің құшырлана құшқаны есіме түседі. Көз алдыма әйелімнің басқа біреумен төсектес болғаны келеді де тұрады.

Басқа еркек оны да мен сияқты осылай құшты ма екен? Осы ойлар мазамды қашырып, жүйкемді жеп бітті.

Бірде достарыммен моншаға бардық. Олармен отырғандағы өзара әңгімеміз, әсіресе қыздық туралы тақырып онсыз да желініп жүрген жүйкемді жұқартып, сүйегімнен өтті. Жігіттік намысым тапталғандай күй кештім. Сандуғаштың әке-шешемнің ақ босағасын абыройсыз аттағаны жыныма тиетін болды.

Неге дәл осындай абыройын сақтай алмаған қыз маған бұйырды?

Түрлі ойлар басымнан кетер емес.

Осындай күдігі басым ойлар үдеп барады.

Кейде әйеліме қарасам, мені сатып кеткендей жиіркеніш сезімі пайда болады. Не істесем болады? Бұл қорлану сезімін қалай басамын?».

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз