Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әйелім, ұлым, келінім мұны көруге ұялып, басқа бөлмеге шығып кетті

2005

Ортаға күйеуінен ажырасқан бір жас әйелді отырғызып қойыпты, оған қарама-қарсы жасы 30 – 40-тар шамасындағы тақырбас жігіт ыржалаңдап отыр.  Әлгі әйелге «Қыз емессіз бе?», «Қыздығыңыз жоқ па?«, «Күйеуің жоқ па, әлде ажырасқансың ба?», «Қыз емес екенсің, енді не істейсің?» деген сияқты сұрақтарды жаудырып жатыр.

Әйел де сұрақтарға ыржалаңдай жауап беріп отыр. Жас кезінде оңбай сүрінгенін айтып қояды. Залдағылардың бірі қазір медицинаның дамыған заманы екенін, «пәктік белгісін» қалпына келтіріп алуға болатынын, тіпті оның ақысына дейін тәптіштей айтып кеңес берді.

Әлгі әйелден: «Сізде қыздық жоқ, енді не істейсіз?» – деп қайталап сұрап қоймаған еді, ол: «Медиктерге қыздық салғызып алып, күйеуге шығамын», – деп салды. Оған залда отырғандар мәз-мейрам болды

Біздің заманымызда ондай сорақылыққа бару түгілі қыздың бетінен сүюдің өзі арман еді.

Қазір сүю былай тұрсын, көшеде тұрып тәнін сатады. Тіпті өткенде бір депутаттың ондайларды заңдастыру керек, қартайғанда зейнетақы төлеу үшін қамқорлық керек деп айтқанын да естідік.

Ақша үшін жалаңаш тәнін көрсеткендер туралы да теледидарда сүйінші сұрағандай қылып айтты. Ата-бабаларымыз «Қызға – қырық үйден ты­йым» деп, әйел абыройына қатаң қарамап па еді?

Ал тәуелсіз ел болғандағы жастарға беріліп жатқан тәрбиенің сиқы мынау. Сөз бостандығы, демократия деп ойына келгенді істей беруге болмайтын шығар? Мәдениет, әдеп, ар-ұят, намыс қайда?

Бізде осындайларға тыйым салатын басшылар жоқ па, әлде оларға бәрібір ме? Мәдениет министрі осындай келеңсіз жайларға неге тосқауыл қоймайды? Өткенде олардың өздері осындай жайға тап болып, айтысып жүр деп еді, расында да солай болып, содан қолдары тимей жүр ме екен әлде?

Негізі мұндай келеңсіздіктер үшін қатаң шара қолдану керек қой.

Сіз бұған не дейсіз, оқырман? Пікіріңізді айтыңыз. Ұлттық болмысымызға қатер төндіретін сорақы құбылыстарға бәріміз болып қарсы тұрайық. Кеш қалмайық!

Тұрсынхан ТӨРЕГЕЛДИЕВ

Дереккөз: Zamana.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз