Қытайдың Юэцин қаласының тұрғыны өз ұлын әдейі ұрлап кеткендей көрсеткен.
«Жоғалып кеткен баланың» іздестірілуін бүкіл мемлекет бақылады. Отбасы баланың қайда екені туралы ақпарат берген адамға 500 мың юань (26 миллион теңгеден аса) сыйлық беретінін мәлімдеген. Юэцин және көршілес Вэньчжоу қалаларының құқық қорғау органдары оқушыны іздестіруге айтарлықтай күш пен қаражат жұмсапты. 6 күн дегенде бала аман-есен табылды. Артынша оның анасы адамдарды әдейі алдап келгені анықталды. Әйел жалған ақпаратты әдейі таратты деп айыпталып, тұтқындалды.
Дереккөз: Stan.kz