Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әйелі екінші рет жасырын үйленгелі жатқан күйеуінің тойының шырқын бұзды

972

Ол жанжал шығармақ болып, балаларын ертіп, мереке орнына барды. Жарияланған видео кадрларынан Муйунданың алтарьдің алдында қалыңдығымен бірге, дін қызметшісінің уағызын тыңдап тұрғанын көруге болады.

Кенеттен әйелі залға жүгіріп келіп, айқайлай бастайды:

«Бұл үйлену салтын тоқтату керек… бұл адам — менің күйеуім, мен оның әйелімін, және бұл біздің балаларымыз!»

Қонақтар сыбырлап, орындарынан кете бастады.

Қалыңдық пен Муйунда Мубитаның айқайына ешнәрсе деп жауап бере алмады. Бірнеше қонақ әйелді тыныштандыруға тырысты, бірақ ол наразылық білдіріп, діни қызметкерге:

«Бұл адам — менің күйеуім. Біз онымен ажырасқан жоқпыз. Біз ешқашан ұрыспадық … мен мұнда не болып жатқанын түсінбей тұрмын» деді.

Нәтижесінде Мубита полицияға жүгінді. Алдын ала мәліметтер бойынша, Муйунданың қалыңдығы сүйіктісінің әйелі бар екенін білсе де, үйлену тойын өзі ұйымдастырған. Билік тергеу жүргізуде. Айыпталушы көп әйел алғаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз