Үндістанның Ченнаи қаласында 42 жастағы Селви есімді әйел жұмыстан шаршап келіп, ұйықтап жатыпты. Бірақ кенеттен оянып кеткен: мұрнының ішімен бір жәндік жоғары қарай кіріп кеткендей әсер сезінген.
«Ол ары-бері қозғалған сайын көзім ашитын болды. Түнімен қиналып шығып, таңертең емханаға бардым», депті әйел жергілікті басылымға.
Операция жасаған дәрігерлер 45 минуттің ішінде әлгі тарақанды әйелдің басынан алып шықты.
https://youtu.be/wACLoFMaR30