Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Әйелдер де үйін тігіп, құмар ойын ойнайды”. Отбасын ойрандаған жігіт осылай ақталды

Ең бірінші дүкендерде тұратын автоматтардан бастадым.

5 жыл бұрын жұмысымның алдында тұрған автоматта ойнап көрдім. Ұтылып қалған ақшамды жылдам шығарып алудың амалын жасадым. Бірақ бірінші рет жеңілген соң екінші мәрте ойнамаймын деп ойлаған едім. Ақыры ақымды жібергім келмеді. Арада 2-3 ай өткен соң отбасын құрдым. Жұмысқа тұра салысымен әлгі ойындарды тағы да ойнай бастадым.

Ұтылған да, жеңіске жеткен де күндерім болды

Ең көп – 1 млн 800 мың теңге ұттым. Бірақ бұл кезде 5-6 млн ақша салған болатынмын.

Әрине, ұтысымнан шығын көп екенін саналы түрде түсінемін. Бала кезімде мұндай құмар ойындарға тәуелді болмадым. Алайда ерте жасымнан жұмыс істегенім рас. Мен секілді жүрген әйел адамдар да бар. Олар, тіпті, ойынға бола үйлерін тігіп жатыр. Бірінші әйеліммен 6 ай бірге тұрдым. Кейін ажырасып кеттік. Бірге тұра алмайтынымызды түсіндік. Ол маған ешқандай кінә артпады. Бар болғаны, бір-бірімізге ыстық сезім болмады. Араға тағы алты ай салып екінші рет шаңырақ көтердім. Екінші әйеліммен бір жарым жыл бірге тұрдым. Тұңғышым 4 жаста, екінші балам 2 жаста. Екеуімен де ара-тұра араласамын. Бұл жолы ажырасуымызға құмар ойындар себепші болды…

Өзімді де, үйдегілерді де алдап жүрдім. Шынымды айтсам, әлі күнге дейін өзімді тия алмай келемін.

Соңғы рет бүгін таңертең ойнадым

Ата-анама хабарласуға ұяламын.

Анам 2 миллиондай несие алып, менің қарыздарымды жапты. Анамды аяғандықтан, бөлек кетуге мәжбүр болдым.

Отбасыма тек зиянымды тигізіп жатқандаймын. Анам мені емдету үшін түрлі мамандарға алып барды. Психологтардың да, емшілердің де табалдырығын тоздырдық. Он екі мүшем сау болса да, бұл тәуелділіктен арыла алмай келемін.

Қазір басымда 3 млн қарыз бар.

Құжаттарымды алған соң жұмысқа орналасып, осы қарыздарымды толық өтегім келеді», – дейді Ерлан Дүйсенбаев.

Бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы тікелей эфирде отырып Ерлан мырзаның анасына хабарласты. Азаматтың анасы өз кезегінде баласының өзін қатты шаршатқанын айтты.

«Мені ол бала әбден шаршатты. Несие алып оның қарыздарын жаптым. Құмар ойынға тәуелділігін тыймаған соң оны үйден қуып жіберуге мәжбүр болдым. Басқа амалым болмады. Елдің бәріне қарызбыз. Баласы мен келіншегі оны тастап кетті. Енді не істейтінімді білмеймін. Ең мықты деген мамандарға алып бардым. Қалай көмектесетінімді білмеймін? Айтқан кезде «Жарайды, ана. Жақсы» деп кетеді. Екі күннен кейін қайтадан құмар ойынға салына бастайды. Әкесі де мен секілді уайымдап отыр», – дейді Ерлан мырзаның анасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз