“Хабар” агенттігінің басқарма төрағасы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Айдос Үкібай
Аталмыш лауазымда ол Ақпарат және коммуникация министрі болып тағайындалған Дәурен Абаевты алмастырды.
Айдос Үкібай1976 жылғы 25-наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін тәмәмдаған. Әр жылдарда “Хабар” агенттігінде ақпараттық жобалар департаментінің басшысы, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
Соңғы жылдарда Айдос Үкібай “Хабар” акционерлік қоғамына жетекшілік жасады.