Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Айдарбекова келіні Жұлдыздың жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді

“Осы жарнама шыққалы, Жұлдыз журналистерге орын қалдырмады, оқымаған деп, біреулер бұрқыратып жазып бастады. Жұлдызға 10 жыл бойына, мал бақтырып, сиыр саудырып қойғаным жоқ. Тұрмысқа шыққанша колледжді бітірсе, тұрмысқа шыққаннан соң, балаларын дүниеге әкелді, ибалы келін, сүйікті жар болумен қатар, жоғарғы оқу орнын да тәмамдап алды.

Қайрат шыңға шыққанша нені бастан өткізбедік, кір іздеу, мұқату, аяқтан шалу, жала жабу. Сіздердің білетіндеріңіз тек “Праймдағы” жағдай ғана, бірін білсеңіздер, бірін білмейсіздер. Сынаққа сынып кетпей шыңдала түскен тәрбиемізді көріп өскен “Көп өмір сүргеннен емес, көпті көргеннен сұра” дегендей, Жұлдызым қайсарлығымен бәрін жеңіп шығатынына сенімдімін”, – дейді Гүлзира Үсенқызы.

Бұдан өзге, Қайрат Нұртастың анасы “Арман” фильмі шығар кезде де ұлы мен келініне қатысты ақылға қонымсыз сөздердің айтылғанын жасырмады. Десе де, ештеңеге қарамастан, Жұлдыздың үздік актрисалар қатарына кіргенін мақтаныш көретінін айтты.

“Ал біреулер, ақша беріп кірген ғой деп, жұртты кері пікірге итермелеу пиғылымен тағы жазыпты.

Пара беріп, жетістікке жетпей-ақ қояйын. Осы уақытқа дейін 1 тиын пара бермей, таза, қара тер еңбегімізбен қасықтап жиған абыройымызды шелектеп шаша алмайды екенбіз. Жұлдызымның өте үлкен сынға түскелі тұрғанын, алда небір аяқтан шалу болатынын біліп те сезіп те отырмын. 10 жыл бойына сабырлықпен отырды екен деп, 100 жыл отыр демейтін шығармыз.

Әр нәрсенің шегі бар. Оның да алға қойған мақсаты бар, өзіне деген сенімі тағы бар. Қазақтың бір келіні Жұлдыздай-ақ болып алсын. Қайта қыздарыңыз бен келіндеріңіз, жас аналар Жұлдыздың төзімділігінен, еңбекқорлығынан үлгі алсын. Қолдарыңыздан келсе сәттілік тілеңіздер. Жұлдызым, жұлдызың жана берсін!

Біздің және ұл-қыздарыңның бағына, өмірің ұзақ, ғұмырлы болсын жаным! ” Суға салса батпай, отқа салса жанбай” өзіңнің пәк төзімділігіңнің арқасында шыңға шығып, үмітімізді ақтайды деп үлкен сенім артамын. Сәттілік серігің болсын”, – деп келініне деген ақжарма тілегін жеткізді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз