Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Айбек Нұғымаров Азия чемпионы атанды

2013 жылғы «Қазақстан барысы» және биылғы «Әлем барысы» турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров +90 кг салмақта чемпион атанды. Отандасымыз тәжік балуаны Диловар Гуловты, түрікмен балуандары Кууат Нуреу және Назар Дурдиевты жеңіп, финалға шықты. Ақтық сында Айбек қырғызстандық Тілек Куаловтан айласын асырып, ел қоржынына алтын медаль салды.

Ал 70 кг салмақта өнер көрсеткен қазақстандық балуан Қасымхан Түленбай қарсылас шақ келтірмей, ақтық сында түрікмен балуанын медальдан қапы қалдырды.

Сондай-ақ 90 кг салмақта ел намысын қорғаған Әділжан Ыстыбаев қола медаль жеңіп алды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақ күресі жабық кешендегі Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді. Медальдар үш салмақ санаты бойынша сарапқа салынуда. 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз