Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Әй, ұят қайда?”. Майғазиев “Қалаулымды” қолдап жүрген әріптесін сынап тастады

133

Сәкен журналист Асхат Садырбайдың “Үлкендердің әңгімесі” атты бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Түркияда жағымсыз бағдарламаны жапқызып тастаған. Содан кейін олар «кім бар?» деп тіміскілеп жаман шибөрілер ұқсап, ақырында бізге келді. Үлкен танымалдылыққа ие бағдарлама, өздеріңіз де білесіздер. Сол қосылып жатқан екі жастың ұрпақтары үшін мен жаным ашып, шырылдап жатсам, менің әріптестерім сол бағдарламаның шашбауын көтеріп, сойылын соғып жүр. Сонда мен кім үшін зар қақсап жүрмін?

https://kaz.365info.kz/cymdykh-aj-khazakhtyn-khyzteke-transtary-tikelej-efirde-18-304301

Мен ондай белден төмен бағдарламаларға өліп кетсем де бармаймын.

Сол орайда: «Өткенде Сәкен айтып еді ғой, бір өзі шырылдай бере ма?» деудің орнына солардың сөзін сөйлеп жүр. Мен өзімнің пиарымды ойлап жүрген адам сияқты, бозда ойнап, білгенімді істеп жүрген сияқты жүрген адамдар бар. Біздің екіжүзділігіміз бен жүрдім-бардым бейқамдығымыздың айқын айғағы осы. “Қазақ деп жүрген азамат қой, Сәкеннің бір ауыз сөзі үшін осы бағдарламаға бармай-ақ қояйық, біздің танымалдылығымыз осыдан кеміп қалмайды” демейді. Керісінше саған қас қылғандай қылады. Осы дұрыс па енді?” – деп ашынды әнші.

Сондай-ақ, Майғазиев аталған бағдарламаға қатысып, аузына келгенді айтып жүрген қарагөздер туралы да сөз етті.

“Өздерінің ұрпақтарына өздері балта шауып жатқан сияқты. Мен солай ғана топшылаймын. Олар қазіргі танымалдылықтарына мас боп жүрген шығар. Ертең олардың балалары болмай ма, қыздары дүниеге келмей ма? Көрінген таудың алыстығы жоқ. Көзді ашып-жұмғанша балалары өседі.

«Менің әке-шешем осындай болыпты, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығыпты ғой» дегенде: «Қызым, ол кезде танымал болу үшін сөйткенбіз», – деп отыра ма сонда?

Танымал болдың ал! Көпшіліктің батасын алып жатсың ба, көгеріп жатсың ба, өсіп жатсың ба? Болашақпен жұмысы жоқ, бүгін танымал болсам болды. Бүгін қарнымды тойдырып, бір жерден тамақ ішсем болды деген сияқты ит тірлік. Сондай бағдарламалар көбейіп кетті. Дос болып та, жұмсақ та, қатты да айтып жатырмыз. Санасызға сан айтсаң да, дарымайды деген осы боп тұр”, – дейді Майғазиев.

https://kaz.365info.kz/orystan-bastap-negrine-dejin-mystafa-oztyrik-nege-khynzhyldy-304290

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз