Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қай облыстардың халқы Тәуелсіздік күніне сыйақы алады?

Мұның алдында Алматы мен Астанада Тәуелсіздік күніне отбасылық жағдайы төмен отбасылар, бюджеттік және әлеуметтік сала қызметкерлеріне бір реттік әлеуметтік көмек алатынын хабарлаған болатын.

ҚР ДСӘД министрлігінің өкілдері мұны жергілікті басқару органдары жекелей шешетін мәселе екендігін айтады. Барлығы қаржылық мүмкіндіктерге байланысты.

“Республикалық бюджетте ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына қандай да бір сыйақы төлеуге қаражат қарастырылмаған. Яғни, мұндай төлемдер жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай жергілікті атқару органдарының шешімімен жүргізіледі. Немесе нақты қызметкеріне қатысты жұмыс берушінің шешімімен жүргізіледі”, – деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Қосымша ақпарат алу үшін қазақстандықтар тұрғылықты (тіркелген) орындары бойынша әкімдіктерге хабарласа алады.

Мұның алдында жергілікті бюджет есебінен Алматыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына әлеуметтік осал санаттағы тұрғындар мен бюджеттік және әлеуметтік сала қызметкерлеріне сыйақы әлеуметтік көмек ретінде бір реттік қаржы төленетіні хабарланған.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күніне 1986 желтоқсан оқиғасына қатысушыларға қатысты Астанада 70 мың теңге, ал Алматыда 50 мың теңге төлеу жоспарланған.

Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысында (бизнесмендер есебінен) жеңілдік қарастырылған азаматтарға төлем жасалатыны хабарланды. Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарында төлем қарастырылмаған. Басқа облыстар бойынша әлі шешім шыққан жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз