Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Әй, Болат-ай…”. Керекудің әкімі түк өзгермеген екен

178

– Есімізде қалғаны, былтыр ашаршылық құрбандарын еске алу жиылысында көрші елдің мемлекеттік тілінде сөйледі. Құрбан болғандарға құран бағыштауды да ойлаған жоқ.

Екінші, тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі мемлекеттік тілде хабарландыру жасамағаны үшін трамвайдың жолын бөгемек болғанда, әкімнің командасы ана тілінің Павлодардағы жай-күйіне жаны күйген қазақ қызының, әйел-ананың аузын жабу үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасады, – дейді журналист.

Айтуынша, Бақауов осы күнге дейін әкімдердің рейтингі бойынша ешқашан алдыңғы үштікке, не төрттікке ілінген емес.

“Сонда Бақауов не істеп жүр? Өңірдегі жер-су аттарын қазақыландыра алды ма? Қанша қазақ мектебін ашты? Өзі бастама етіп көтерген балабақшаларды қазақ тілді ету жұмысы неге жасалмай жатыр? Неге?”. Автор осындай заңды сұрақтар қойыпты.

– Бақауовқа дейінгі Павлодар облысын басқарған әкімдер қандай еді? Бұл өңірге әкім болмай тұрып, Асығат Жабағин – энергетика министрі, Ғалымжан Жақиянов – стратегиялық ресурстарды бақылау Агенттігінің төрағасы, Қайрат Нүрпейісов  – вице-министр, Бақытжан Сағынтаев – премьер-министрдің кеңсесінің жетекшісі, Ерлан Арын – білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары, Қанат Бозымбаев –  «Самұрық» холдингінің президенті болды.

Айтқымыз келетіні: Керекудей маңызды өңірге ысылған, ел үшін қызмет жасап танылған адам басшы болуы керек.

дейді автор.

Ол қашан өзгереді?

Мақала авторының сөзіне қарағанда Кереку халқының саны жыл санап азаюда. Бұған бір жағынан тарихи отанына көшіп жатқан өзге ұлт өкілдері де себеп.

– Сол кеткендердің орнын толтыру, осы мәселені ішкі және сыртқы көші-қонның есебінен шешуге әрекет жасалуы керек емес пе? Бір ғана мысал айтайық. Бердібек Сапарбаев ШҚО-ның әкімі болып тұрған кезінде ешкімге жалтақтамай-ақ, Оңтүстікте тығыз қоныстанып отырған шаруаларды Шығыстың жан саны азайған аудандарына апарып орналастырды.

Сапарбаевтың сол ісін бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі де жалғастырып жатыр. Оңтүстіктегі облыстарға барып, еңбек нарығының көрмелерін ұйымдастырып, облысына көшіп келушілердің қатарын молайтуда. Ал, сол Солтүстік Қазақстан облысымен көршілес Павлодар облысының әкімі Бақауов болса, мұндай игі істің иісі мұрнына бармастан домаланып жүріп жатыр.

Заман өзгерсе де, елдің қоғамдық санасы өзгерсе де, Болат Бақауовтың санасы өзгермеген.

Өзі басқаратын облыста жергілікті ұлт өкілдерінің қарасы өзге ұлт өкілдерінен басым бола бастағанына қарамастан, мемлекеттік тілде сөйлегісі келмеуінің сыры да осында жатыр. Егер де, Бақауовтың санасы өзгерген болса, Керекуде Руза сынды белсенділер көбейер еді” – дейді Шәріпхан Қайсар.

Әттең-ай, әттең…

Келесі кезекте автор өңірдегі өндірістік ахуал туралы айтыпты.

– Павлодарда 1991 жылдан бастап кен орындары бөліске, дұрысы талан-таражға түсті. Павлодар облысындағы ел игілігі қазіргі ШҚО-ның әкімі Даниал Ахметовтың тұсында тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетті.

Мысалы, Екібастұз көмір-кен орындарына, жылу энергия орталықтарына қазір кімдердің иелік ететіні белгісіз. Павлодардың мұнай өңдеу зауыты неге іске қосылмай тұрғаны және түсініксіз.

Бір кездегі Павлодар трактор зауыты қайда кетті?

Бұл сұрақтарға қазақты зар қақтырған «май шеке» Машкевичтердің көлеңкелі кейіпі ғана жауап беруі мүмкін. Және сондай көлеңкелі кейіпкерлердің қасынан тоқсаныншы жылдары тез арада дәулет жинап, аяқасты байыған Бақауовтың сұлбасы көрініп қалмаса екен деп тілейміз, – дейді ол.

Айтуынша,

қазір Бақауов Павлодарда өзін айдай әлемнің қожасы, ақ патша сезінеді.

“Елбасы жас кадрларға сенім артып, оларды лауазымды қызметтерге тағайындап келеді. Алайда, соның кейбірі елдің де, Елбасының да сенімін ақтай алмай жатыр.

Сенімді ақтамағандар мен үкілеген үмітті үзгендер турасында Президент желтоқсан айындағы 2017 жылды қорытындылаған сұхбатында: «Жастарға сенім артасың, лауазымды қызметтерге тағайындап, құзырына мемлекеттік маңызы ерекше жұмыстарды тапсырасың. Ал олар болса, аз күндік байлыққа, ақшаға қызығып қақпанға түсіп жатады. Әрине, менің оларға жаным ашиды», – деген еді.

Елбасының да, елдің де сенімін ақтамай есіріп жүрген жастың бірі осы жас әкім Болат Бақауов (1971 жылдың түлегі, қазір 47 жаста) деуге болатындай.

Егерде Боқауов талап үдесінен шығып жүрген болса, айтыңызшы, ол Елбасының қай тапсырмасын өз дәрежесінде лайықты атқарыпты? Немесе орынды ұсыныс жасапты? Бақауов Ел мен Елбасының сенімін ақтай алды ма?”, – деп сөзін түйіндепті Шәріпхан Қайсар.

ДЕРЕККӨЗ: Abai.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз