Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

«Ахметжан Есімов ешқайда кетпейді, ЭКСПО-да қалады» – Назарбаев

Президенттің айтуынша, ЭКСПО 2017 көрмесі Қазақстан, Астана мен өзге өңірлердің мүмкіндіктерін бүкіл әлемге көрсете алды.
«Имидждік тұрғыда ұлкен жұмыс атқарылды. Көрме аяқтала салысымен оның салтанатты жабылу шарасына қатысамыз. Одан кейін Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) өз жұмысын бастайды. Оған бәрі дайын тұр. Мәселен, екі АХҚО болса, оның бір ірі орталығын Қазақстанның тұрақты жұмыс істейтін көрмесіне айналдырамыз, өңірлердегі барлық ірі кәсіпорындар өз жетістіктерін сол көрмеге әкеліп, әлемге паш етеді», деген президент Ахметжан Есімовтің енді қайда баратынына тоқталды:

«Біз бәрін орналастырып болғанша, Ахметжан Смағұлұлына осы көрменің президенті болып қала беруі керек. Ал Келімбетовке қатты жұмыс істеу керек. Біз оны АХҚО басшысы етіп тағайындадық», деді Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз