Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ахметов қайда қарап отыр? Өскемен саяжайында өз заңын орнатқан Шушанников деген кім?

101

Мән-жайды толығырақ білу үшін бірден жазба авторына хабарластық.

Саяжай тұрғыны Айым Қасембаеваның айтуынша,

«Восточник-3» атты баубақша қоғамдастығы басшысы Шушанников Г.П өзі тәртіп орнатып, оған көндікпегендерді «жарықты қиып тастаймыз» деп қыспаққа алады екен.

https://kaz.365info.kz/orystyn-yly-otirigi-gagarin-tyngysh-kosmonavt-emes-eken-326658

– Кеше үйге келсем, кешке үйдің жарығын қиып кетіпті. «Алдын-ала неге ескертпейсіздер?» деп электрикке хабарластым. Ол бұған дейін талай тұрғынға алдын-ала ескертемін деп басшылықтан ұрыс естігенін айтады. (аудио жазбасы бар).

Электрик Шушанниковке көбінде кішкентай балалары бар екенін алға тартып, жарықты кешке емес, таң ертең өшіруді ұсынған. Алайда қоғамдастық басшысы кешке ешкімге ескертпестен, жарықты қию керек екенін айтып, өз дегенінде тұрып алған. Мен әкімдікке шағым түсірдім. Олар “өз араларыңдағы келіспеушілік, біз кірісе алмаймыз” деді.  – дейді Айым Қасембаева.

Айымның саяжайда тұрып жатқанына 6 жылдан астам уақыт болған. Шушанников сол жылдан бері саяжайды басқарып келеді. Айымның айтуынша, оның жасы 70-ке келген. Зейнеткерлік жастан асып кетсе де, қызметіне тұрғындардың  көңілі толмаса да  жұмысын тоқтатпаған.

Тұрғындар:

«Қайдан кетсін, май тамып отырған орыннан кім кеткісі келеді?»

– дейді.

Айым Қасембаеваның айтуынша, Өскемен қаласындағы «Восточник-3» атты баубақша қоғамдастығы аумағында 200-дей үй бар. Әр үйден жылда түрлі себеппен ақша жинайды.

– Жыл сайын біз 5 мың теңге мүшелік кіріс пен әр сотық жер телімі үшін 2 мың теңге ақша жинаймыз, дейді.

Бұл тұрғындар мен қоғамдастық арасындағы келісімде көрсетілген сомма екен. Сондықтан халық оны төлеуден бас тартпайды.

Бұдан бөлек, қауымдастық басшысы жарыққа ақша төлемегендерден үстемақы талап етеді екен. Онымен қоймай, халыққа тіл тигізіп, намысына да тиетінін айтады Айым.

– «Восточник-3» атты баубақша қоғамдастығының басшысы Шушанников Г.П бізді адам санамайды. Кеше «Вы пришли с улицы» дегенде бәріміз шу ете түстік. Қоғамдастық өкілі «өздері бекіткен ереже бойынша жүргілеріңіз келмесе, басқа жерге көшіп кетіңдер» деді деп ашынды тұрғын.

Қажет болса, қазақшаға өздерің аударып алыңдар!

Айым Қасембаева барлық жиналыс орыс тілінде жүргізілетінін, хабарландырулар тек орыс тілінде жазылатыны айтады.

– Біз «неге қазақ тіліне аудармайсыңдар, жиналысты неге қазақ тілінде жүргізбейсіңдер?» десек,

“Мен сендерге қазақша жазуға міндетті емеспін. Біз мемлекеттік мекеме емеспіз. Керек болса, өздерің аударып алыңдар” дейді.

Ойына келгенін істейді. Уақытында төлемесең, әр адамға үстемақы төлеткізеді. «Сіз үстемақы төлететіндейм сот емессіз» деп, тағы ұрысқанмын.

https://kaz.365info.kz/khabdesh-zhymadilov-erotikaga-adeji-bardym-326131

– Орыс тілін білмейтіндер, «Не айтты. Не шешті? деп бір-бірінен сұрайды. Бұл мәселені көтеріп, прокуратураның да, әкімдіктің де табалдырығын тоздырдық.

Алайда жергілікті билік қоғамдастықтың мемлекеттік орган емес екенін айтып, шарасыз екенін жеткізді.

Бұл қоғамдастық кімге қарайды белгісіз? Бұған заң, сот деген жоқ па сонда?, – дейді Айым Қасембаева.

Ал біздің бұған қосарымыз, еліміздің қолданыствағы заңнамасына сәйкес,

Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының талаптарын орындау, меншік нысанына қарамастан,еліміздегі барлық субъектілерге міндетті.

Іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізу, халыққа екі тілде де ақпаратты жеткізу секілді заң талаптарына барлығына ортақ!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз