Біріккен Араб Әмірлігінде некесіз адамдардың секспен айналысуына болмайды. Күні кеше сол елде полиция қызметкерлері 27 жастағы украин қызы мен оның 29 жастағы африкалық жігітін қамауға алды, деп жазады Daily Mail.
Украин қызының жігіті Эмлин Калвервелл соңғы 5 жыл бойы Абу-Дабидегі аквапаркте құтқарушы болып жұмыс істеп келеді екен, ал қыздың өзі парк әкімшілігінде жұмыс істейді. Екеуі 2014 жылдан бері кездесіп жүр екен, бірақ әлі үйленбепті.
Енді Ирина Нохай мен Эмлин Калвервеллу кемінде 1 жылға сотталуы, не елден аластатылуы мүмкін.
Басылым атап өткендей, Араб Әмірлігінде жыл сайын осындай қылмысы үшін талай әйел түрмеге тоғытылады, олардың ішінде зорланған әйелдер де бар.