Қазақстанда салынатын атом электр станциясының қызметін кадрмен қамту мақсатында халықаралық біліктілігі бар барлық деңгейдегі білікті маман-инженерлер пулы дайындалмақ.
Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.
«Орташа алғанда атом электр стансасының құрылысы 10 жыл уақыт алады. Осы уақыт аралығында кадрларды дайындау бойынша арнайы бағдарлама әзірленеді. АЭС объектісінде толығымен қазақстандық мамандар қызмет көрсетеді. Сонымен қатар халықаралық біліктілігі бар барлық деңгейдегі жоғары білікті маман–инженерлер пулы дайындалады», — деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.