Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

“Адвокаттың бірі мерт болды”. Төлешовтың ісі бойынша сот кейінге шегерілді

Белгілі болғандай, Төлешовпен бірге айыпталып жатқан Еңбекші ауданы бойынша Салық басқармасының бас маманы Мадияр Мұсаевтың қорғаушысы Асан Бердібековты ара шағып алған.

Арадан аллергиясы бар заңгер артынша қайтыс болған.

Осыған орай, бұрынғы мемлекеттік қызметкерді қорғауға өзге адвокат шақырылды. Алайда бірнеше томнан тұратын істен хабарсыз қорғаушы судьядан танысу үшін белгілі бір мерзімге уақыт сұрады. Бұл сұранысты судья қанағаттандырып, кезекті сот отырысы 4-қыркүйекке белгіленді.

Еске сала кетелік, бұған дейін елде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыпталып, 21 жылға сотталған Төлешовке, енді ұйымдасқан қылмыстық топ құру арқылы экономикалық қылмыстар жасаған, табысын жасырумен қатар салықтан жалтарған деген айыптар тағылып отыр. Әрі осы әрекеттері арқылы мемлекетке миллиардтаған шығын келтіргені тергеу кезінде дәлелденген. Бұл іс бойынша тағы сегіз адам айыпталуда. Олардың арасында Төлешовтың сыбайластары мен Еңбекші аудандық Салық басқармасының бұрынғы қызметкерлері бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз