Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Адамзатты сүю және бай тарих – қазақ тілінің негізі – лингвист

Анар Фазылжан

Қазақстанда мүмкіндігінше көп адам қазақ тілінде сөйлеуі үшін 2020 жылдың күзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының конгресінде тиісті қарар қабылданды. Оның басты миссиясына қол жеткізу – мектептің әрбір түлегі мемлекеттік тілді меңгеріп шығуы үшін білім беру жүйесін қолдау қажеттілігі туралы айтылады. Бұл ретте қазақ тілін үйрену әрбір азаматтың саналы түрде таңдауы болуы тиіс.

Ассамблеяның рөлі

А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, лингвист Анар Фазылжанның пікіріне сүйенсек, Қазақстан халқы Ассамблеясы өз қызметінің барлық кезеңінде мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуда үлкен рөл атқарды. Сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі мен мемлекеттегі толеранттылықтың сақталуына да үлес қосты.

– Бізде ҚХА сияқты құрылымның пайда болуы – заңдылық. Өйткені

Қазақстан – ежелгі заманнан бері көптеген этностар бейбітшілік пен келісімде өмір сүрген аумақ

Ал ҚХА идеологиялық дәстүрлі база негізінде пайда болды. Ассамблея аясында мемлекеттік тілді оқытумен айналысатын және сол арқылы біздің жалпымемлекеттік құндылықтарымызды дәріптейтін көптеген этностық мәдени орталықтар жұмыс істейді, — дейді Фазылжан.

Жаһандану дәуіріндегі өзіндік ерекшелік

Бірақ ҚХА-ның атқарған жұмыстарына қарамастан, бұл құрылым ескірді деген де пікірлер бар. Бірақ Анар Фазылжан Ассамблея қажет деп есептейді. Қазіргі өмірде туындайтын өзекті мәселелерге тез ықпал ете алатындай мүмкіндігі бар жаңа жағдайлар аясында оның қызметін қайта қарау қажет.

Анар Фазылжан. Фото: ИА Regnum

– Жаһандану заманында адамдар тұтынушыларға айналуда, ал трендті Трансұлттық компаниялар құруда. Жыл өткен сайын адамдар өздерінің ата-тегін ұмытуда.

Ұлттан басқа, байырғы мәдениет пен өзіндік ерекшелікті сақтап қалатын ешқандай қуатты құрылым жоқ

Мен Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігін сақтауға барынша күш-жігер жұмсауы тиіс деп санаймын. Мұнда ретте, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетіне қысым көрсетіп отырған жоқпын — оларды да мүмкіндігінше сақтау және дамыту керек екен атап айтқым келеді. Бұған бізде ешкім де, ештеңе де кедергі келтірмейді. Бірақ мен ҚХА-ның мемлекетіміздің тұтастығы мен қуатын сақтау үшін қазақ халқының құндылықтарын дәріптегенін қолдаймын, – деп атап өтті ол.

Тіл арқылы танылу

Лингвисттің айтуынша, біздің мемлекетіміз қазақ этносимволизміне негізделген. Бұл қазіргі ұлттық мемлекеттің қалыптасуы мен сақталуындағы рәміздердің, мифтердің, құндылықтар мен дәстүрлердің маңыздылығын көрсететін ұлтшылдықты зерттеудегі ой мектебіне қатысты айтылады.

– Қазақ этносимволизмі ежелден-ақ ұлттық деңгейден жалпымемлекеттік деңгейге көтерілді. Мысалы, біздің Туымызды, Елтаңбамызды немесе Әнұранымызды алайық — бұл жағдайда барлық қазаққа тиесілінің бәрі Қазақстан азаматтары үшін ортақ болды. Өзі

қазақ тілінде де этнимволизим элементтері бар. Ол ерекше — орыс тіліндегі сияқты, оның да бірегей білімі мен құндылықтары бар,

ондай басқа тілдерде жоқ. Егер тілдің танымалдылығын арттырсақ, елге инвестиция тартуға да болады. Басқа дамыған мемлекеттер өздерінің құндылықтарын, дәстүрлері мен мықты жақтарын кеңінен танымал етумен бұрыннан айналысып келеді.

Финляндия туралы айтқанда, бірден фин мектептерінің мықтылығы туралы ой келеді. Жапония туралы айтқанда, олардың өздерінің ұлттық мәдениетіне деген қастерлі көзқарасы есімізге түседі

Бұл жапондардың шай ішу дәстүрі, дәстүрлі киімі — кимоно және самурайлар мәдениеті. Қазақстан туралы айтқанда, көпшілігі бірден Димашты еске алады — ол біздің мақтанышымыз. Бірақ бұл жеткіліксіз, бізге қазақ тілін де танымалдық деңгейіне көтеру керек.

Өте көне әрі бай

Қазақ тілінде күш, қуаттылық пен адам сүйгіштік жатыр. Оны біздің тілімізде адамға жүгінуге бағытталған көптеген сөз формалары бар екендігі растайды. Балаға, үлкендерге, әйелдерге, ер адамға арналып айтылатын жеке сөздер бар. Әлеуметтік жағдайға байланысты арнайы айтылатын сөздер бар.

Көптеген тарихи оқиғалар қазақ тілінде өз ізін қалдырды. Мысалы, онда “құдайдың еркесі” деген фразеологизм бар

Ол қазақ тілі жаңа қалыптасып келе жатқан, әлі толық қалыптаспаған ежелгі заманда пайда болған.

Бұл фразеологизм библия мен Құрандағы аңызға сәйкес өз халқын перғауындардың қамауынан құтқарған Мұса пайғамбар туралы

Өз халқын құтқару жолында ол үнемі Құдайға сыйынған, және Құдай оған сұрағанын берген – бірде аспан маннасын сұраса, бірде теңізді екіге бөлген. Жалпы, қазақ тілінде фразеологизмдер, фразалар, түрлі мақал-мәтелдер түрінде көптеген тарихи және діни оқиғалар, қоршаған әлем туралы астрономиялық және географиялық мәліметтер сақталған, – дейді лингвист.

Танымал емес фактілер туралы айтады

Фазылжанның пікірінше, қазақ тілі мен қазақ мәдениетін ешқандай қысымсыз тарату керек. Тарихта қазақтардың ана тіліне зиян келтіріп, орыс тілін үйренуге мәжбүрлеген жағымсыз оқиғалар болды. Сондықтан ҚХА қазақ тілінің тамырын басып, өркендеуіне үлес қосуы отыруы тиіс.

– Алматыда Ғылым академиясының жанында Александр Пушкинге ескерткіш орнатылған. Мен оны көрген кезде ақынның әдемі өлеңдерін ғана емес, Орынбор даласынан бірнеше рет өтіп бара жатып қазақтың “Қозы Көрпеш — Баян Сұлу” махаббат эпосын жазып алғанын есіме түсіремін.

Пушкин қазақ тілінің байлығы мен осы поэманың тереңдігіне таңырқаған. Ассамблея осындай қызықты фактілерді адамдардың көбірек білуіне атсалысуы тиіс,

басқа этностың жарқын өкілі қазақ мәдениетіне осындай баға бергенін көбірек таратуы керек. Халықтардың бір-біріне жақындай түсуі, бір-бірін бағалауы және түсінуі бойынша да жұмыстар атқаруы қажет.

Жақсылыққа жақсылықпен жауап

Бүгінде Қазақстан аумағында мекендейтін саны аз этностар алаңсыз тіршілік етіп, өркендеуде. Себебі қазақ халқы өзіне тән жаппай толеранттылықтың ерекше сипатына ие.

балалар, иллюстрациялық фото

Кішкентай кезінен қазақ балалары айрықша мәдени ортада өседі және ұлты мен мәртебесіне қарамастан басқа адамдарға қатысты шыдамсыз болып өсуі мүмкін емес. Бұл біздің қазақы мәдениетіміздің ерекшелігі, және ол Қазақстан халықтарының қызметін дәріптеудің негізгі драйверіне айналуы тиіс. Өйткені

қазақ халқына тән жаппай толеранттылықтың нәтижесін алды – оған жауап ретінде Қазақстанда тұратын барлық этностар да қазақтар мен өзара бір-біріне қатысты толерантты

Бұл өте қуатты күш, және тарихта оған көптеген мысалдар бар. Мысалы, колхоздың төрағасы, орыс ұлтының өкілі боран кезінде қазақтың адасқан баласын өзінің тонына орап құтқарып қалған да, өзі қайтыс болған, — дейді Фазылжан.

Тамырлық салты

Анар Фазылжан келтіретін тағы бір төзімділік мысалы, 20 ғасырдың 30-жылдары құрылған Тамырлық институты. “Тамырлық” ұғымының өзі бір-біріне құнды нәрселер берілген достық, бауырластық дәстүрі екенін білдірді.

Тамырлардың үйіне әрқашан түнде түсіп, оны қорғауына, қолдауына және қамқорлығына арқа сүйеуге болады

— Бұл феномен тек қазақ мәдениетіне ғана тән.

Депортацияланған балалар. Иллюстрациялық фото

Сталиндік қуғын-сүргін кезінде әр түрлі ұлт өкілдері эшелондармен әкелініп, біздің шөлді жерге түсірілді. Олар аман қалды, өйткені қазақтар қоныс аударушыларды өздері тамыр қылып алды. Ал біреуді тамыр қылып алған кезде, сен оған көмектесуге міндеттісің. Осылайша жер аударылғандар баспанамен, тамақпен және киіммен қамтамасыз етілді.

Қазақ халқы өзі аштыққа ұшыраса да, өзгелердің аман қалуына көмектескен.

Сондықтан, басқа халықтар — неміс, кәріс, ингуш, шешен, күрдтер және басқалар — өтеуін қайтаруда, олар қазақ халқына өздерінің ата-бабаларын аман алып қалғандары үшін алғыстарын айтуда

Бұл дәстүр жалғасуда. Бұл туралы халықтардың татулығын сақтауға ықпал ету үшін құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында жазып, айтып отыру керек. Ешбір саяси оқиғалар елімізде тұратын этностарды бөлмеуі тиіс, – деп түйіндеді Анар Фазылжан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз