Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Адамдарды коронавируспен жалғыздан жалғыз қалдыруға болмайды — сарапшы

674

Расул Жұмалы — әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Жаңа Қоғамдық кеңесті құрушылардың бірі.

— Кеңестің мақсаты бір жағынан, Қордың қызметіне, қаражаттың қаншалықты тиімді жұмсалуына қоғамдық бақылау жасау, өйткені әңгіме біздің ел азаматтарының ақшасы туралы болып отыр.

Бұның маңызы зор, өйткені зейнетақы жинақтарына немесе тұрғын үй қорларына байланысты бұрынғы тәжірибеміз нашар болды. Көптеген сын айтылды, шағым мен қателер болды, олар қайталамауға тырысуымыз керек.

Екінші жағынан, қор мен қоғам арасында диалог құру туралы сөз болып отыр.

Азаматтар тиісті аударымдардың арқасында қол жеткізетін мүмкіндігі, жеңілдігі мен басымдығы және құқығы туралы білу керек

Осы тақырыптар бойынша Қоғамдық кеңестің екі отырысы өткізілді. Онда қор өкілдері ашық режимде сұрақтарға жауап берді.

Коронавируспен байланысты жағдай біздің жұмысымызға үлкен әсер еткені түсінікті. Аталған талқылаулар барысында эпидемияға қарсы күрес мәселелеріне ерекше назар аударылды. Шын мәнінде шешімін табуы қажет сұрақтар өте көп.

Бұл тек денсаулық сақтау жүйесіндегі ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлардағы мемлекеттік органдардың жұмысындағы жүйелі қателіктерге, медицина кадрларының жетіспеуіне, ауруханалар мен дәріханалардағы кезектерге, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне, материалдық көмекті бөле отырып, жинақтауға және т. б. қатысты.

Шынайы ақпараттың тапшылығы

— Сонымен қатар

халыққа жедел және шырнайы ақпарат, статистика мен түсінікті талдаулар мен кәсіби кеңестер берудегі кемшіліктер негізгі проблемалардың бірі

Өкінішке орай, нәтижесінде

адамдар ақыр соңы өлімге дейін апаратын аурумен жазғыздан-жалғыз қалып, өз бетімен емделеді. Ал бұл ем көбінесе көмектесудің орнына зиян келтіреді

Мұның бәрі үрейлі көңіл-күйді және түрлі алыпсатарлықты күшейтіп, жағдайды одан әрі нашарлатады.

— Мемлекеттік органдар — Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысына не өзгеріс енгізілді немесе қандай істер алға жылжыды?

— Жағдай өте ауыр. Әлемде бірде-бір мемлекет бұл шабуылды әлі де толық жеңе алмады. Құтқарып қалатын вакцина да жоқ. Бұл жағдайда адамдарға барынша толық ақпарат берудің маңызы зор.

Қазіргі вакуумды толтыру үшін, қоғамдық кеңес мүшелері ретінде әріптесім Сергей Пономаревпен билік органдарына Фейсбукте тұрақты «жедел желі» ұйымдастыру туралы ұсыныс білдірдік.

Мұндай кездесулерге Денсаулық сақтау министрлігінің, облыстық әкімдіктердің, фармкомпаниялардың, дәріханалардың басшылары, тәжірибелі дәрігерлер — қиын сағатта адамдарға кеңес бере алатын адамдардың барлығы қатысады деп болжануда.

Өкінішке орай, әзірге біз ресми органдардың жауабын алған жоқпыз, бірақ алған жолдан қайтпаймыз. Бұл біздің құқығымыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз