Интернетте Ресей астанасы Мәскеуден Бангкокқа бағыт алған ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясының турбуленттік ауа ағынына түске ұшағының видеосы жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға Бангкок әуежайына жақын қалған сәтте болған. Салдарынан борттағы 27 жолаушы түрлі дәрежеде жарақат алды. Абырой болғанда, ұшақ қауіпті аймақтан аман өтіп, Бангкокке қонды.
Жараланғандардың барлығына медициналық көмек көрсетілген. Кейбіреуіне жедел операция жасалды.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=2&v=mjU-n3S8wtE
Дереккөз: 24.kz