Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Адам өзгереді екен”. Өнерге қайта оралған Зарина Омарова кімге ренжулі?

Бүгінгі тойда қуаныш иесінің қонақтарға жайылған ақ дастарханында өнердегі бірде-бір әріптесі бой көрсетпеді.

Соңғы он жылын бала тәрбиесіне арнаған Зарина, шығармашылықты қайта бастаудың оңайға соқпағанын жасырмайды. Әнші сахнаға оралғанда оны санаулы ғана құрбылары құшақ жая қарсы алған.

“Мәдина, Дильназ… Адам өзгереді ғой енді жыл өте, басқа өте. Әрине қиын, оңай емес. Негізі қайтадан сахнаға шығу оңай емес. Енді оның бәріне адамның өзінің күш-қуаты керек”, дейді әнші.

Зарина шоу бизнес көшіне ілесу қажеттігін жақсы ұғады. Өнер бәйгесінде өгейдің күйін кешкен әнші, өзін жатырқай бастаған әріптестерін түсіне алмай отыр.

“Енді қазіргі уақытта ешкім еш нәрсені көрсете бермейді негізі. Не болса да адамның ішінде ғой бәрі. Бірақ, енді бәрі күле қарайды. Мен өзім де олардың орынында болсам өз-өзімді қалай ұстайтынымды білмес едім”, – деп ағынан жарылды Зарина.

Әріптестеріне деген өкпе-назы болса да, Заринаның бұл кешті көңілсіз өткізуге хақысы жоқ. Өйткені, дәл осы күні бұл отбасылық одаққа 10 жыл толды.

Әншінің айтуынша, қазіргі жарымен ол мейрамханалардың біріндегі жазғы алаңда танысқан. Міне, содан бері ғашықтардың әлі күнге дейін жұбы жазылмай келеді.

Дереккөз: nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз