Куәгерлер Алматы – Қорғас тасжолында жүк және жеңіл көліктің өртеніп жатқанын видеоға түсіріп алған.
Оқиға жолдың Алматы мен Шелек ауылы арасындағы бөлігінде болған. Видеодағы таспаға қарағанда жүк көлігінің тіркеуі өртенген. Жеңіл көлік толық өртеніп кетті.
Оқиға таяуда болғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алматы облыстық Ішкі істер департаменті мен прокуратура әзірге осы дерекке қатысты пікір білдірген жоқ. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапқан.