Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Абыройларың қалмады! Кетіңіздер!

111

Абас-шах былай дейді:

АТҚАМІНЕР БАУЫРЛАРҒА ҰСЫНЫС:

– ҚУАНЫШ АҒА, сізге төтесінен айта салайын: жастарға тезірек орын беріп, немере-шөбереңіздің ортасына барыңыз. Кемел жасқа келіп, кемеңгер қария атанудың орнына, келеке-мазақ кейіпкеріне айналдыңыз. Қауашағы бар адамға, “әдемі қартаю” да даналықтың белгісі…

– АРЫСТАНБЕК, ата-анаңыз ырымдап, “аң патшасының” атын бекер қоймаған болар? Саяси саxнада қашанғы “цирк кейіпкері” болып жүре бермексіз? “Жақсы ит те өлігін көрсетпейді”. Зоопаркте қамалып отырған аң емессіз ғой, өз еркіңізбен кетіңіз.

БЕКБОЛАТ, кей жазбаларымда, қатты кетіп қалатынымды сеземін. Артық айтсам, ғафу өтінемін. Бірақ, ел сыйлаған Бекболаттың абыройын біз емес, “төрт аяқты” Бекболат түсіріп жатқан жоқ па? Намыс – сіз шығарған журналдың аты ғана емес. Ол әр жігіттің азаматтық қасиеті. Сол қасиетті өз аяғыңызбен таптай бермей, мандатты тапсырып, өнер ордасына қайта оралсаңшы. Әлі де кеш емес…

Айтпақшы: Жоғалған абыройды “госзаказбен” қайтара алмайсыздар. Оған АП-ның звоногы да көмектеспейді.

ateluv

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз