Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әбдірахымов Шымкентке қайта келгеніне қатты қуанғанын айтты

Қала әкімі жаңа жұмыс орындарын ашуға, табысты көбейтуге, тұрғындардың тұрмыс деңгейін көтеруге бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

“Біз қалада мемлекеттік басқару құрылымын қалыптастыруымыз керек. Барлық бөлім басқармаға айналып, әкімдіктің жұмысын үйлестіру қажет. Түркістан облысымен мүлік трансфертінің бюджетін бөлу мәселелерін шешуіміз керек.

Әрине, тұрғындар қала мәртебесінің жоғарылағаннан кейін тұрмыстың да жақсарғанын қалайды. Біз қалалықтар бұл өзгерісті сезінуі үшін тырысатын боламыз. Ол халықтың табысын көтеру, жұмыс орындары, абаттандыру, білім, мәдениет. Тағы басқа осындай мәселелер”, — деді қала басшысы.

Айта кетсек, Қазақстан президентінің жарлығымен Шымкент республикалық маңыздағы қала мәртебесіне ие болды. 17-ші өңірдің басшысы болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды.

Әбдірахымов бұған дейін де Шымкент әкімі қызметін атқарған еді.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Шымкенттен Түркістанға ауыстырылды. Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы деп өзгертілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз