Ақтауда 1-сынып оқушылары уақтылы тегін оқушы киіміне қол жеткізе алмаған.
Сондықтан жауапсыз фирманы мектеп басшылықтары сотқа берді деп хабарлады Tumba.kz.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 14 қаңтарындағы жарлығына сәйкес, жыл басынан бастап орта білім беру ұйымдары үшін міндетті оқушылар киімінің ережесі бекітілген болатын. Оған сәйкес, 1-сынып оқушылары тегін оқушы киімімен қамтамасыз етілуі тиіс-тұғын.
Ақтауда 12 мектепте осындай келеңсіз жайт орын алған. Келісімшартта көрсетілген талаптар дұрыс орындалмағандықтан мектептер енді фирманы сотқа беріп жатыр.
Еске сала кетсек, тамыз айында тегін оқушы киімінің жетіспей жатқандығы туралы ақтаулық ата-аналар алдын ала дабыл қаққан болатын. Ол кезде Маңғыстау облысы білім басқармасы жетекшісінің орынбасары Айжақсы Тұржанова оның бірнеше себебін атаған.
Біріншіден, мектептің өзі фирмаға дұрыс есеп бермеген, екіншіден, оқушы киімін жеткізушілер тарапынан кешігу орын алған, үшіншіден, тегін оқушы киімін алуға көп ата-ана құжаттарын кешіктіріп тапсырған.
10