Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтауда зорланған алты жасар қыз туралы полиция 1 қыркүйекте мәлімдеме жасайды

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың отызы күні Ақтау тұрғындары алты жасар қызды зорлаған күдіктіні анықтау барысында жасалған тергеу болуы мүмкін сәтті түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберген еді. Куәгерлердің бірі оның еуропалық келбеттегі жас жігіт екенін, әрі полиция оны алты жасар қыз жоғалып кеткен жер – “Иваныч” дүкенінің жанына, кейін адамдар оны полиция сәби ес-түссіз табылған жер – “Фуд Мастер” өндірістік базасы жанына әкелгенін айтқан.  «Полицейлер оны кісендеп тастаған. Бірнеше полиция көлігі болды. Шамамен, ол қай жерде қалай болғанын көрсетіп жатты. Полиция оған назалы адамдар көптігін ескеріп, оны жақсылап күзетіп тұрды»,-деген еді тергеу сараптамасын көрген адам. Дегенмен, ҚР ІІМ мен Маңғыстау облыстық ІІД бұл ақпаратты  раастаған да жоқ, жоққа да шығарған жоқ.

Тамыздың 29 күні Ақтауда зорланған алты жасар сәби Астанадағы ана мен бала ұлттық ғылыми орталықтың анестезиология және реанимация бөлімінде ауыр хәлде жатқанын хабарлаған болатынбыз. Дәрігерлер оның денсаулығына қатысты Вена және Кембридж университеттерінің профессорларымен кеңесуді жоспарланған. Астанадағы ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығына сәби 27 тамыз күні Ақтаудан ауыстырылды.

Естеріңізде болса, Ақтауда белгісіз біреу алты жасар қызды ұрлап, азаптап, зорлап тастаған еді. Төтенше жағдай тамыздың 20  күні қаланың №1 ықшам ауданында болды. Полицейлер оны бірнеше сағаттан кейін қансырап жатқан жерінен тапқан. Дәрігерлердің айтуынша, енді жарты сағат кешіккенде, кішкентай қыздың тірі қалуы екі талай болған.  Дәрігерлер психикасына зиян келмеу үшін оның есін жидыруға асықпаған еді.

Ақтау полициясы алты жасар қызды зорлаған күдіктінің нобайын суреттеп берген еді. Полиция Daewoo Nexia маркалы көлікті жүргізген ер адамды (35-45 жас шамасындағы мұртты азиат) іздеді.  Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тамыздың 20-сы күні сағат 12:00 мен 13:30 аралығында бірінші ықшам ауданындағы №29 үйдегі “Иваныч” дүкеніне баратын жолмен жүрген жүргізушілерден бейне тіркеуіштерін тексеруді сұраған болатын. Кейін ғаламторда күдікті түсіп қалған бейнежазба да жария етілді.

ҚР ҚК 120-бабы («Зорлау») бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Арада үш күн өткеннен кейін Ақтаудағы алты жасар қызды зорлаған күдіктіні табуға септігін тигізген ақпарат үшін жергілікті тұрғын 100 мың теңге тікті. Александр есімді азамат бала ұрлаған сәттің куәгерлері табылатынына сенімді болған еді. Ер адам фамилиясын, мекеменің атауы мен мекен-жайын көрсетуден бас тартты.  Ол мұндай қадамға пиар жасау үшін емес, тек жақсылық жасау үшін барғанын айтты. Бұдан өзге ол осы қызға көмек көрсету үшін жылу жинауға дайын екенін жеткізген болатын.

Арада аз уақыт өткен соң, күдікті ұсталып, оның Өзбекстан азаматы екені анықталды. Алайда, оның алибиі болуына байланысты қылмысқа қатысы әлі дәлелденген жоқ.

photo_193043

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз