Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтауда педофил құрбаны болған 6 жасар қыздың апасы Елбасыға хат жазды

145

Анжелика Насированың айтуынша, соңғы кездері неврология саласының білікті мамандары әлем бойынша бұл ретте тәжірибелер жасап, оң нәтижеге қол жеткізіп жүр. Сондай компанияның бірі – Bioquark Inc америкалық биотехнологиялық компаниясы.

“Әртүрлі зерттеу жұмыстарымен айналыса отырып, компания “миы өлі” деген диагноз қойыла салған науқастарды зерттеп, оны емдеуге ат салысатын Reanima жобасын да қолға алған. Ел арасында ол “тірі мүрдеге” жасалатын зерттеу деп те аталады. Біз соңғы үмітті де пайдаланғымыз келеді” деп жазды Насирова.

Оның айтуынша, осындай тәжірибе өткізуді мақұлдау үшін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен растау ала алмай отыр.

“Біз мұның жаңадан қолға алынып жатқан зерттеу саласы екенін жақсы білеміз, бірақ біз бағымызды сынап көрсек дейміз. Не қалды дейсіз, бұл арада үлкен тәуекел де жоқ, бірақ жергілікті деңгейде осындай кедергіге ұшырап отырмыз. Олар өлді деген адамға зиян келтірмеу мақсатында рұқсат бермей отыр. Бұл ақылға сыйымсыз нәрсе ғой, адамдыққа да жатпайды.

Құрметті Президент, адамның өмірін ұзартуға қатысты мүмкін жобаларға ерекше қызығушылық білдіретініңізді білемін. Сіз Қазақстанды кәрілікке қарсы адам мүмкіндігін зерттеу саласындағы инновациялық орталыққа айналдырсам дейсіз. Ендеше оған қоса өлімге қарсы салада зерттеулерді қосымша неге жүргізбеске? Біздің өтінішімізді қарастыруды сұраймыз, біздің баламызға жанашырлық танытып, бір мүмкіндік беріңізші, өйткені одан басқа бізде жүгінер амал да қалмады” делінеді хатта.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз