Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтауда алты жасар қыздың зорлануы туралы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

“Оның тоқтаған жалғыз жері Шағала шипажайы (1-ші ықшамауданнан бірнеше минуттағы жер), мұнда адам көп жүрмеген. Ол көлігін сол маңға қойған, маңында камера түсіріп тұрған. 29 минут. Ол көлігінен тіпті шықпаған. Көліктің алдыңғы бөлігі көрінбейді, ал артқы бөлігі көрінеді. Ол тоқтаған жерде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан. Көліктер мен адамдар болмаған. Камерадан оның ағаштың астына тоқтағанын және 29 минут отырғанын көруге болады”, – деді Намиг Велиев.

Адвокаттың айтуынша, қыз күн астында көп жатып қалғандықтан көбірек зардап шеккен. “20 тамызда қандай ыстық күн болғанын өздеріңіз білесіздер. Күн өтіп кеткен. Бір қалыпта жатқандықтан денесі де күйіп қалған”, – деді Велиев.

Еске салайық, оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған.

Полициядағылар қыздың сол күні 17.30 шамасында табылғанын хабарлапты. Қыздың жағдайы ауыр болған, көп қан жоғалтқан, күн өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары оны “Нұр Плаза” жағалауына қарама-қарсы саяжайдан тапқан. Қыз балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Осы уақытта полицейлер бірнеше күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта ұсталғандардың бұл қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Ал кейін полицейлер 6 жасар қызды зорлаған адамды іздестіруге көмек сұрап, күдіктінің бағыттамасынтаратты. Осы дерекке “Зорлау” бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.

photo_193043_147201679157

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз