Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақтауда 6 жасар қызды қорлаған күдіктінің ағасы жұмбақ жағдайда мерт болды

Бұл азаматтың неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Көршілер жазда болған жан түршігерлік жағдай мен бұл өлімнің арасында байланыс болуы мүмкін деп отыр.

– Өйткені, інісі 6 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталған соң, ағасы жұмысынан айрылып, ішімдікке үйір бола бастапты. Тамыр-таныстан да қарызға жиі ақша алып жүрген. Сірә, ел назарның өздеріне ауғанын көтере алмаса керек, – деп отыр көршілері.

6 жастағы Викторияны зорлап, айдалаға тастап кетті делінген күдікті отбасылы, 1 баласы бар. Әуелгі кезде ол өзінің қылмысын мойындағанымен, артынан айнып қалған. Бірақ генетикалық сараптама күдіктінің кінәлі екендігін растап берді. Қазір оған қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберуге дайындалуда.

Ал жапа шеккен бүлдіршін екі айдан астам уақыттан бері Астанадағы ауруханалардың бірінде өте ауыр жағдайда жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз