Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Ақтөбенің жедел жәрдем қызметін түрік инвесторлары сатып алды деген сөз өтірік – маман

133

«Жедел жәрдем» дәрігерлеріне арналған семинарды түркиялық мамандар өткізді. Алдағы төрт күн ішінде 600-ден астам адамды қамту жоспарланып отыр.

Семинар биыл шілде айында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен түркиялық инвесторлар арасында қол қойылған келісім-шартқа сәйкес ұйымдастырылып отыр. Ол бойынша жергілікті жедел жәрдем қызметінің сапасын арттыру көзделіп отыр.

Шетелдіктер науқастарға сапалы қызмет көрсететін, әрі заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған 16 жедел жәрдем көлігін және ақпарат орталығын ашуды міндетіне алған. Түркиялық инвесторлармен келісім 7 жылды қамтиды. Инвестор 3 млрд теңге қаржы салады.

Міне, осы ақпаратқа сәйкес, қаладағы жедел-жәрдем қызметі түріктерге сатылып кетіпті деген ел арасында даурықпа сөз туған. Алайда бұл тек әріптестік қарым-қатынастағы тәжірибе алмасу ғана екен.

«Ақтөбенің жедел-жәрдем қызметі түркиялық инвесторларға сатылды» деген қауесет шандық емес, жел сөз», — дейді мамандар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз