Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбелік кәсіпкерлер мерекенің құрметіне жеңілдіктер ұсынады

101

Одан бөлек, ірі сауда желілері әлеуметтік маңызды азық-түліктің 20 түріне және шаруашылық заттарының 33 түріне бағаны тұрақты ұстайтын болды. Мысалы, кондитерлік тәттілер шығаратын кәсіпорын өнімнің 100 түріне жеңілдік жасаған. Бұл орайда жергілікті билікпен арнайы келісім бар.

«Мерекелік жеңілдіктер» акциясына қаладағы 50 ірі кәсіпорын қатысады. Олардың арасында халыққа қызмет көрсететін нысандар да бар. Қонақүйлер мен мейрамханалар көрсетілетін қызмет бағасын 20 пайызға дейін арзандатады.

Зәуреш Еркінәлинова, кәсіпорын директоры:

– Торт пен шоколадтан жасалған өнімдерге 10 пайыз жеңілдік болады. Жалпы, біздің кәсіпорын 300-ден астан өнім түрін шығарса, соның жүзіне жеңілдік жасадық. Осы акция арқылы тұрақты тұтынушыларымызға ризашылығымызды білдірсек дейміз. Себебі, 25 жыл ішінде кәсіпкерлер мемлекет пен халықтың қолдауы арқасында өз істерін дамытып, аяқтарынан нық тұрды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз