Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ақтөбелік ішкі істер органын сотқа беріп, моральдық өтемақы өндіріп алды

113

Ақтөбе қаласында 2016 жылы 5-маусымда террористік актілер деп танылған оқиғадан кейін Қостанай облысының ішкі істер департаментінің қызметкері ғаламтордың әлеуметтік желісінде, “What`s App” мобильдік қосымшасы арқылы террористік актіге қатысы болуы мүмкін 19 адамға қатысты фото суреттері мен олар туралы ақпарат таратты. Соның ішінде Самат Минажатович Кожаниязов та болған.

Ғаламтордың әлеуметтік желілерінде Қостанай облысы ішкі істер департаменті қызметкерімен рұқсатсыз орналастырылған террористік актіге қатысы болуы мүмкін тұлғалар туралы берілген бағдар тиісті уәкілетті органның келісімінсіз жасалған және халық арасында кеңінен қоғамдық резонанс тудырып, талапкерге және басқа да бағдарда көрсетілген тұлғаларға қатысты жағымсыз көзқарас тудырды.

Қостанай облысының ішкі істер департаменті қызметкерінің бұл ақпаратты рұқсатсыз таратқандығы департамент басшысымен бекітілген қызметтік тексеріс қорытындысы кезінде және сотқа дейінгі зерттеу материалдарымен расталды.

Сотта талап қоюшының террористік акті деп танылған оқиғаға қатысы жоқ екендігі, жұмыс жасап ауылдық жерде тұратыны, отбасылы, құқық бұзушылық жасауға бейім емес азамат ретінде жағымды жағынан сипатталатыны анықталды. 2016 жылғы 25-қарашадағы сот шешімі бойынша талап қою арызы ішінара қанағаттандырылып, Қостанай облысының ішкі істер департаментінен Самат Минажатович Кожаниязовтың пайдасына 100 000 теңге көлемінде моральдық өтемақы және сот шығындары өндірілді.

Талаптың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды. Осылайша, сот талап қоюшының абыройын қалпына келтіріп, жауапкерден моральдық зиянның өтемін өндірді.

Азаматтық процестік кодекстің 72-бабына сәйкес, арнайы операция кезінде қаза болғандар мен жарақаттанған қылмыскерлердің тізімінде саналған екінші талапкер Санат Минажатович Кожаниязовқа қатысты ғаламтор ресурстарында жарияланған ақпарат туралы талап қою арызында жауапкердің ақпаратты тарату фактісі дәлелін тапқан жоқ.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз