Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбедегі теракт. Әскери бөлім офицерлеріне қатысты сот басталады

Әскери соттағылар жауапқа тартылып жатқан қанша адам екені туралы мәлімет беруден бас тартқан, алайда басылымның бейресми дерек көзінің жеткізуінше, ол – екеу. Әскери қызметкерлер 5-маусымда теракт кезінде ішкі қызметті атқару немесе гарнизонды шолуда устав тәртіптерін бұзған.

Бұл іске қатысты 3 зардап шегуші, 14 куәгер тартылған, ал әскерилерді екі адвокат қорғайды екен.

Еске сала кетсек, айыпталушының бірі 31 жастағы Қайнарбек Тастамбеков, кезекші бөлімші мен басқарманы тәртіп бойынша алдын ала хабардар етіп, қаруы жоқ екі солдатты оқтан аман сақтап қалдым деп санайды.

Алдында осы офицер сол күнгі бүкіл жауапкершілікті артып жатқанын, ал бастықтарын басқа әскери бөлімшелерге ауыстырып жібергенін мәлімдеген.

“Мен өз тапаншаммен атыстым, бірақ шабуылдаушылар көп болды, сондықтан мен екі солдатты аман алып қалайын деп ойладым. Оларды мен штабтың оң қанатына алып шықтым, сөйтіп терезеден арт жаққа секіріп кеттік, сөйтіп байланыс желісіне қарай жүгірдім. Ол араға жетіп, байланыс желісінде отырғандарға “Батыс” өңірлік басқармасын (Орал қаласындағы) ескертуді тапсырдым. Одан соң ұялы телефонымнан басшылыққа қоңырау шалдым. Қоңырау барып жатқанда оқ атылып, атыс болып жатты. Штаб бастығы қоңырауға жауап бергенде мен жағдайдың бәрін айттым. Сол кезде қару-жарақ қоймасындағы үш солдат бандиттармен аттыса бастады” деп еске алады қаралы күнді Қайнарбек Тастамбеков.

Ақтөбеде 5-маусымда теракт орын алды. Экстремистер екі қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасады. Салдарынан 8 адам мерт болды, зардап шегушілер саны – 38.

Әскери бөлімге шабуылдағандар “Аллаху Акбар” деп айғайлаған. ҚР Ұлттық гвардиясы бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатовтың айтуынша, шабуылдаушылармен қарулы қақтығыс көпке созылмаған: 12-15 минут. Атыс кезінде майор Даниэль Майлыбаев, қатардағы жауынгер Досбол Сапар және офицер Берік Қалиев қаза тапты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз