Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Ақтөбедегі теракт. “Атысқа шыққандардың бәрі арақ ішкен: өлгендері де, жарақаттанғандары да”

Жиһад деп шыққан экстримистерден мүңкіген арақ иісін сезген мамандар сол кезде сынама алған екен. Содырлардың барлығының қанынан алкоголь табылыпты.

Тіпті біреуінің есірткі пайдаланғаны белгілі болған.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, оны сот-медициналық сараптама жүргізгендер іштерінде бүгіп отыр екен.

Айта кетелік, 5-ші маусымда 45 әсіредіншілді Дмитрий Таңатаров жалдамалы пәтерге жинаған. Кейін жиналғандардың жартысы қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасап, әскери бөлімге басып кірген болатын. Сол лаңкестік оқиға кезінде 7 адам қаза тауып, содырлардың 18-нің көзі жойылды. Ал тірі қалған жетеуі енді өмір бойы бостандық көрмейді. Жақында сот тек екі содырдың тәубесіне келгенін түсініп, 20 және 22 екі жылға үкім кесті. Сондай-ақ, шабуылға шығудан бас тартып, жарты жолдан қайтқандар 2-5 жылдан жаза арқалаған айта кетейік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз