Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтөбедегі оқиғадан кейін кәсіпкерлерге бейнекамера орнату міндеттелуі мүмкін

Біз заңнамалық тұрғыда барлық ғимарат иелерін, көшелерде тұрған дүкендердің, мейрамханалардың, жанармай құю стансаларының иелеріне бейнекамералар орнатуды міндеттеуді жоспарлаудамыз. Ол камералар орталыққа шұғыл ақпарат жеткізе алатын техникалық талаптарға сай болуы шарт. Біз осыған қол жеткізуге тырысатын боламыз, – деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстан бойынша жедел орталық басқару жүйесі шеңберінде 3 900 бейнекамера бар. «Қауіпсіз үй» аясында тек 19 мың тұрғын камера орнатқан.

«Бұл өте аз. Бізге камераларды көбірек орнату қажет», – дейді Қ.Қасымов.

Еске сала кетейік, 5 маусымда Ақтөбеде теракт орын алды. 25 адам алдымен қару дүкеніне, кейін әскери бөлімшеге шабуыл жасады. Салдарынан ҚР Ұлттық ұланның 3 әскери қызметшісі мен 5 бейбіт тұрғын қаза тапты. 7 әскери қызметші мен 12 полицей жарақат алды. Қазіргі уақытта терактіге қатысқандардың барлығы ұсталды және кейбірінің көздері жойылды. Тергеу әлі жүріп жатыр.

Республика бойынша 40 күнге лаңкестік қауіпінің «сары» деңгейі белгіленді.

Бүгін министр хабарлағанындай, лаңкестікке бастапқыда 45 адамнан тұратын топ дайындалған. Алайда оның 20-сы кейін жиһадқа барудан бас тартқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз