Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбедегі мұнай ұрлығы: қылмыстық топ құрамында құқық қорғау өкілдері де бар болып шықты

Сот Зинаида Шымырова жариялағандай, 2013 жылдан бері Ақтөбе облысында әрекет еткен мұнай ұрлығына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына құқыққорғау органы өкілдері де енген. Сот олардың қандай салаға жататынын, аты-жөнін атамады.

Алғаш боп Темір ауданының тумасы Нұрлан Қазкенов пен Байғани ауданының тумасы Бауыржан Батыров ұсталып, екі айға қамауға алынды.
Ол екеуі құжаты жоқ мұнайды Шұбарқұдықтан Ақтөбеге тасыған. Шикізатты 2013 жылы шыққан КамАЗ бен МАН көлігімен тасыған.

Шикізат облыстағы мұнай өңдеуші зауытқа жеткізілген. Мұнайдың бір текше метрін 35 мың теңгеден сатқан. Сот атап өткендей, осындай заңсыз жолмен 40 мың текше метр мұнай өткізілген. Ал оның сомасы 1 миллиард 400 миллион теңге болады. Көлік жүргізушілері ондай ақшаны көзімен көрді ме, ол қайда кетті, бұл жағы, әзірге белгісіз.

Еске сала кетелік, 7-желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының және Ақтөбе облыстық ІІД-мен бірлесе отырып, мұнай ұрлау және мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша ірі арнайы операцияны бастады. Жедел-іздестіру шаралары барысында мұнай ұрлауға қатысы бар деген күдіктілер ұсталды, мұнай мен мұнай өнімдері бар автоцистерналар тәркіленді. Күдікке алынған 15 адамның қазір бесеуі қамауға алынған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз