Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтөбедегі мұнай ұрлығы. Атышулы іске қатысты Беларусь азаматы ұсталды

266

Ақтөбе қаласының №2 сотының қаулысына сәйкес, “2015 жылдың басында Сергей Кунцевич ірі көлемінде ұрлық мұнай өнімдерін сатып, тез баюды ойлайды. Ол Ақтөбе мұнай өңдеуші зауыты басшылығына, Ақтау мен Атырау облыстарында орналасқан мұнайды игерушілерге, Азат Амитовке және басқаларға бірлесіп әрекет етуді ұсынады. Олар өз кезегінде келісімін береді. деп жазады Тimeskz.kz.

Сондай-ақ сотта: “2015-2016 жылдары Кунцевич Азат Амитовке бағынышты «Дияр 2016», «Ойл Трейд Логистик» және «WKD» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін пайдалана отырып, Ақтөбе мен Атырау облыстарындағы кеніштен ұрланып, Ақтөбе мұнай зауытында өңделген мұнай өнімдерін тасымалдауды, сыртқа шығаруды ұйымдастырған. Шикізат ешқандай құжатсыз емін-еркін тасымалданған” деген мәліметтер де келтірілді.

Бұдан кейін ұрлық мұнай Қырғызстанға жол тартқан көрінеді.

– Қырғыз Республикасына ұрлық мұнай өнімін алып шығу үшін Ақтөбе мұнай өңдеуші зауытында «Oil Blend» деген мұнай өнімі-маркасы жасалады. Сергей Кунцевич Ақтөбе мұнай өңдеуші зауытының басшылығымен және басқа адамдармен бірлесе отырып, бұл мұнайды Қырғыз Республикасына жеткізген. Одан мұнай өнімі түрінде ұрлық мұнай теміржол арқылы «Интер Ойл Экспорт» ЖШС-дан Қырғыз Республикасының Қарабалта стансасына тасымалдаған. Ол арада «Cina Petroleum Company Gunda» ААҚ бұл мұнайдың 1 тоннасын 300-320 доллардан сатып алып отырған.

Кеше ғана құқыққорғау органы ұрық мұнайды өткізетін бұл арнаның жолын кесті.

– 2016 жылдың 8-желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс стансасында шұғыл тергеу шарасы кезінде «Oil Blend» мұнай маркасы түріндегі көлемі 229,946 келі болатын 4 вагон-цистерна ұсталды. Бұл вагондарды Ақтөбе мұнай өңдеуші зауытынан «Интер Ойл Экспорт» фирмасы Қырғыз Республикасы Қарабалта стансасындағы «Cina Petroleum Company Gunda» ААҚ мекен-жайына жөнелткен.

Бұл азаматты 10-желтоқсанда құқыққорғау орган өкілдері ұстады.

Сергей Кунцевич өз айыбын мойнына алмады. Ол сотта Қазақстанда 10 жыл бойына жұмыс істеп келе жатқанын, ешқашан тергеуден жасырынбағанын, керісінше Ақтөбеге барлық мәселенің мән-жайын ашу үшін өзі ұшып келгенін айтқан. Оның Минскіде әйелі мен екі баласы қалған екен, ал өзі Ақтөбеде достарының үйіне тоқтапты.

13-желтоқсанда Сергей Кунцевич екі айға қамауға алынды. Оған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты, Ұрлық мұнайды алу, тасымалдау сату және сақтауға ат салысты деген айыптар тағылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз