Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақтөбедегі мұнай ұрлау ісіне қатысты қылмыстық топтың басшысы Алматыдан ұсталды

Расталмаған мәліметтерге сүйенсек, Ізбасар мұнай ұрлаумен айналысқандарға басшылық еткен. Сондай-ақ, 7-желтоқсанда ұсталған қылмыстық топ мүшелерінің салафизм ұстанушылары екені айтылады. Олардың нақты қанша болғаны әзірше белгісіз. Телеарна мәліметінше, бұл қылмыстық істе шенеуніктердің де қатысы бар.

Еске сала кетейік, кеше, 7-желтоқсанда Ақтөбеде ірі арнайы операция жүргізілген болатын. Ал кейінірек Ақтөбедегі арнайы операцияның қорытындысы айтылды. Сөйтсек, арнайы операция кезінде мұнай ұрлады деген күдікпен қылмыстық топтың бірнеше мүшесі ұсталған.

“7-желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының және Ақтөбе облыстық ішкі істер органымен бірлесе отырып, мұнай ұрлау және мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметінің жолын кесу бойынша ірі арнайы операцияны бастады. Жедел-іздестіру шараларының барысында мұнай ұрлауға қатысы бар деген күдіктілер ұсталды, мұнай мен мұнай өнімдері бар автоцистерналар тәркіленді”, – деп хабарлады ҰҚК өкілдері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз